Кітап презентациясы

15.11.2019

Көрулер: 1936

15 қарашада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің халықаралық қатынастар факультеті қабырғасында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық құқық кафедрасының доценті,з.ғ.к., Самалдыков Мақсұт Кошековичтің "Қазақ университеті" баспасынан 3 тілде (қазақ,орыс,ағылшын) шыққан  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық негіздері. Дәрістер курсы» және  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің құқықтық негіздері» практикумының тұсаукесері өтті.

Іс-шараның модераторы - халықыралық құқық кафедрасының меңгерушісі,заң ғылымдарының кандитаты, профессор Сайрамбаева Ж.Т. болды. Өзінің сөз сөйлеу барысында ол Мақсұт Кошековичтің құқық қорғау органдарында және мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар ғалым және практик ретінде жеке және профессионалдық қасиеттерін ерекше атап өтті. 

Іс-шараны шығарылған кітаптардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ҚР 2015-2025 ж. стратегиясын және ХҚФ ҚазҰУ "Университет сыбайлас жемқорлықтан тыс" жобасында белсенді қатысуын іске асыру аясында маңыздылығы мен өзектілігін атап айтқан халықаралық қатынастар факультетінің деканы, профессор Айдарбаев С.Ж. және деканның ғылыми инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, PhD доктор Жекенов Д.К. ашты.

Ұсынылған кітаптарды талқылауға шақырылған қонақтар қатысты: Алматы қаласындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының бөлім бастығы - Зейналов Н.А., Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаментінің бас маманы - Байгалиев А.К., Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М. Есбулатов атындағы Алматы академиясының профессорлық-оқытушылық құрамы  - полиция полковнигі Асланов М.М., полиция капитандары Галым А.М., Ситников П.В. Іс-шараға қатысқан барлық қонақтар мен халықаралық құқық кафедрасының оқытушылары мен студенттері шығарылған кітаптардың жаңа білімді алуда, құқықтық білім берудегі, сондай-ақ қызметтің барлық бағыттарындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу мен болдырмауда жастардың тәрбиесі мен рухани дамуындағы маңыздылығы мен құндылығын қолдады. Осы шараны қолдаған барлық қонақтарға алғысымызды білдіреміз! #kaznu.kz#, #intlaw#, #специальность «международное право»#