Жаңалықтар

Н.В. Гилевамен кездесу

05.03.2020

5 наурыз 2020 жылы жұмыс берушілермен кездесулерге арналған іс-шаралар аясында Халықаралық құқық кафедрасы «Халықаралық құқық» мамандығының 4 курс студенттері - Гилева Наталья Васильевнамен - з.ғ.к., «Колибри Казахстан» ЖШС заңгер-кеңесшісімен кездесу-әңгіме өткізді. Іс-шара барысында студенттер кәсіпорындардың кадр саясатының ерекшеліктері, жалақы төлеу тәртібі және ұзақ мерзімді өсу мүмкіндіктері туралы білді. Гилева Н.В. Студенттердің кәсіпорында өндірістік тәжірибе өту, жұмысқа орналасу кезінде сынақ мерзімінен өту туралы көптеген сұрақтарына жауап берді. Халықаралық заңгердің кәсіби қызметіндегі тәжірибелік дағдылар мәселелері де бірге талқыланды.

Ары қарай оқу >>

8-наурыз - Халықаралық Әйелдер күніне арналған ХҚ-80 тобының кураторлық сағаты!

05.03.2020

Жақсы көңіл-күй мен мерекелік атмосфераны қалыптастыру, сонымен қатар топтың бірлігін нығайту мақсатында 2020 жылдың 5 наурызында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған кураторлық сағат өткізілді!

Кураторлық сағатқа 12 студент қатысты.

Кураторлық сағат барысында Қазақстан тарихындағы ұлы әйелдерге арналған презентация көрсетілді. Сондай-ақ топ жігіттері қыздарға сыйлықтар ұсынып, тілектерін айтып, фуршет үстелін дайындады.


Ары қарай оқу >>

“8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне” қатысты мәдени іс-шара өткізілді

04.03.2020

2020 жылы 3 наурызда доцент Б.З.Бюжеева мен 1-курс магистранты Қалиахмет А.Ж. ұйымдастыруымен және "Аймақтану" мамандығы 3-курс студентерінің қатысуымен “ 8-наурыз Халықаралық әйелдер күніне” қатысты мәдени іс-шара өткізілді. Мәдени шараның мақсаты- Нәзік жандылардың қоғамдағы рөлінің айтарлықтай екендігін дәлелдеу, студенттердің ұстаздарға деген ізгі ниеттерін білдіру.

Ары қарай оқу >>

«АИТВ — инфекция және инфекциялық бақылау» тақырыбына дәріс

02.03.2020

2 наурыз күні Халықаралық қатынастар факультетінде ЖИТС-ның алдын алуға арналған іс- шаралар аясында "Халықаралық құқық" мамандығы студенттерінің Алматы қ. ЖИТС- тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының қызметкерлерімен кездесуі өтті. Студенттерге "АИТВ-инфекция және инфекциялық бақылау" тақырыбында дәріс оқылды. Ұйымдастырушылар-оқытушылар Бегжан А. М. , Маулен А. А. , Тусупова А. Ж.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

28.02.2020

28 ақпанда Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясында «Ресей Федерациясындағы сыртқы экономикалық қызметтің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. ҚазҰУ-дың «Халықаралық құқық» мамандығының магистранттары мен докторанттары осы конференцияға белсенді түрде онлайн режимінде қатысты. Қатысушылар жаңа білім алумен қатар, пікірталастар мен пікір алмасулар барысында өз тәжірибелерімен бөлісе алды. 

Ары қарай оқу >>

Э.С. Абдрахманова мен Д.К. Базарбековпен кездесу

28.02.2020

Халықаралық қатынастар факультетінің "халықаралық құқық" кафедрасы әл-Фараби жұмыс берушілермен үнемі байланыста. Түлектер үшін университетті бітіргеннен кейін жұмысқа орналасу мәселесі өзекті болып табылады. Ақпарат алу, сондай - ақ қызықтыратын сұрақтарға жауап алу мақсатында 2020 жылдың 28 ақпанында студенттермен кездесуге "PowerLaw" сараптау-кеңес беру орталығының директоры Э. С. Абдрахманова және "КАZAKHOLDING" ЖШС Бас директоры (Басқарма Төрағасы) Д. К. Базарбеков шақырылды. Кездесу барысында студенттерді жұмысқа орналастыру және өндірістік тәжірибеден өту мәселелері талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Сұхбат-кездесу

28.02.2020

28 ақпанда ҚазҰУ-дың халықаралық қатынастар факультетінің № 14 жатақханасында «Халықаралық құқық» мамандығының студенттері үшін «Қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар» тақырыбында кездесу өткізді, оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі М. Есбулатов атындағы Алматы академиясының Алматы қаласы Ішкі істер департаменті кәсіби-психологиялық дайындық және басқарма бастығының орынбасары Асланов Мирфаил Мамедұлы өткізді. 

Ары қарай оқу >>

«Мәдениетаралық коммуникация және аударма зерттеулері» халықаралық орталығы

27.02.2020

2020 жылдың 27 ақпанында ҚазҰУ Халықаралық қатынастар факультетінде дипломатиялық аударма кафедрасының меңгерушісі ф.ғ.к., профессор А.С. Сейдикенованың жетекшілігімен «Мәдениетаралық коммуникация және аударма зерттеулері» халықаралық орталығы ашылды.

Халықаралық орталықтың мақсаты:

-              шетелдік білім беру бағдарламалары бойынша ақпарат беру;

-              Ауызша және жазбаша аудармалар жасау;

-              Халықаралық ғылыми жобаларға қатысу;

-              Шетел тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру;

-              Халықаралық конференция, семинар, дөңгелек столдар, жаздық мектептер ұйымдастыру.

-              Халықаралық білім беру бағдарламаларына құжаттарды рәсімдеуге көмектесу.

Ары қарай оқу >>

Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Жантилеуованың № 14 студенттер жатақханасындағы кезекшілігі

26.02.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, Дипломатиялық аударма кафедрасының кезекшілік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 26 шы ақпанында сағат 19.00-22.00 уақыт аралығында № 14 студенттер жатақханасындағы кезекшілікте болдым.

Кезекшілік барысында жатақхананың әрбір этажына көтеріліп, асхана бөлмесінің тазалығын тексердім, дәліздегі тәртіпті қадағаладым.Сағат 20.00 де жатақхана акті залында «Үздікпен үзеңгілес» атты тақырыпқа баяндама оқыдым. Баяндаманың тәрбиелік мақсаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үздік түлектері мен университеттің танымал тұлғалар-түлектерімен таныстыру болды. Кедесуге халықаралық қатынастар факультеті және шығыстану факультеті студентері келіп қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ін бітірген танымал тұлғалар: Олжас Сулейменов, Нурлан Оразалин, Рахман Алшанов, Абдрасул Жарменов, Арманжан Байтасов, Асылбек Кожахметов и Нурлан Смагулов болса, сонымен қатар Д. Баландин, В. Зябкина, С. Алтынбе́кова секілді спорт шеберлерінің де университет түлектері екенін тілге тиек еттім. Студенттер өте белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті және де қызығушылық тудырған тұлғалар бойынша сұрақтар да қойды. Кездесу тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.

Ары қарай оқу >>

«Есірткіге және зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты тәрбиелік іс-шара

23.02.2020

23 ақпанда Дипломатиялық аударма кафедрасының оқытушысы Уалиханұлы А. «Есірткіге және зорлық-зомбылыққа жол жоқ!» атты тақырыбына тәрбиелік іс-шара өткізді.

Іс-шараның мақсаты:

1. есірткінің зияны туралы түсіндіру;

2. салауатты өмір салтына қажеттілікті тәрбиелеу;

3. топтың қысымына қарсы тұруға үйрету;

4. есірткіні қолданудың себептері мен салдарын түсіндіру;

1, 2, 3 курс студенттері осы іс-шараға қатысты. Іс-шара барысында оқытушы  Уалиханұлы  A. Дипломатиялық аударма кафедрасының басқа да оқытушылармен бірлесе отырып, есіртілік заттардың зияны туралы бейнероликтер көрсетіліп, баяндамалар жасады. Студенттер аталмыш шараға белсене қатысып, барлық қатысушылар шараға көңілдері толды.

Ары қарай оқу >>