Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

28.02.2020

Көрулер: 1658

28 ақпанда Ресей Федерациясының Экономикалық даму министрлігінің Бүкілресейлік сыртқы сауда академиясында «Ресей Федерациясындағы сыртқы экономикалық қызметтің өзекті мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. ҚазҰУ-дың «Халықаралық құқық» мамандығының магистранттары мен докторанттары осы конференцияға белсенді түрде онлайн режимінде қатысты. Қатысушылар жаңа білім алумен қатар, пікірталастар мен пікір алмасулар барысында өз тәжірибелерімен бөлісе алды. 2-курс магистранттары Нарысова Нұрсана мен Киясова Айнурдың ДСҰ және ХСО орталығы аясында дайындалған үздік баяндамалары конференция материалдарында жарияланады. http://www.vavt.ru/news/docid/75E71C