Халықаралық қатынастар факультеті, дипломатиялық аударма кафедрасының аға оқытушысы Г.К. Жантилеуованың № 14 студенттер жатақханасындағы кезекшілігі

26.02.2020

Көрулер: 1872

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, халықаралық қатынастар факультеті, Дипломатиялық аударма кафедрасының кезекшілік кестесіне сәйкес 2020 жылдың 26 шы ақпанында сағат 19.00-22.00 уақыт аралығында № 14 студенттер жатақханасындағы кезекшілікте болдым.

Кезекшілік барысында жатақхананың әрбір этажына көтеріліп, асхана бөлмесінің тазалығын тексердім, дәліздегі тәртіпті қадағаладым.Сағат 20.00 де жатақхана акті залында «Үздікпен үзеңгілес» атты тақырыпқа баяндама оқыдым. Баяндаманың тәрбиелік мақсаты, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің үздік түлектері мен университеттің танымал тұлғалар-түлектерімен таныстыру болды. Кедесуге халықаралық қатынастар факультеті және шығыстану факультеті студентері келіп қатысты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ін бітірген танымал тұлғалар: Олжас Сулейменов, Нурлан Оразалин, Рахман Алшанов, Абдрасул Жарменов, Арманжан Байтасов, Асылбек Кожахметов и Нурлан Смагулов болса, сонымен қатар Д. Баландин, В. Зябкина, С. Алтынбе́кова секілді спорт шеберлерінің де университет түлектері екенін тілге тиек еттім. Студенттер өте белсенді қатысып, өз ойларымен бөлісті және де қызығушылық тудырған тұлғалар бойынша сұрақтар да қойды. Кездесу тәрбиелік мәні жоғары деңгейде өтті.