КАРАНТИНА - БІЛІМ БЕРУГЕ КЕДЕРГІ ЕМЕС

20.04.2020

Көрулер: 1821

 

Карантин өмірге кедергі келтіреді , сапалы білім алуға мүмкіндік бермейді дегенді жиі естиміз.

Алайда онлайн режимінде оқыту тек қарапайым сабақтарға ғана емес, элективті сабақтарға да жаңа мүмкіндіктер ашады.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетіндегі “Талейран” студенттік дипломатиялық клубының құрамындағы студенттерге 7 жылдан астам уақыт өздері оқып жүрген тілдерге байланысты елдердің тілдерін, мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін оқып үйрену үшін қосымша сабақтар өткізіліп келеді.

Бұл сабақтар ақысыз негізде өткізіліп, халықаралық сарапшылардың болашағына қосатын негізгі үлестердің бірі болып табылады.

Сонымен қатар, “Taлейран” клубының мүшелері әлемнің жекелеген мемлекеттеріне арналған тақырыптық апталар өткізеді. Онда “Елшілік сағаты”, флеш-мобтар, түрлі тақырыптық шаралар аясында дипломатиялық корпуспен кездесулер өтеді.

Осындай қиын кезеңде итальян және неміс тілдерін үйренуге арналған сабақтар онлайн режимінде өткізіліп, көпшіліктің қызығушылығын арттырып отыр .

Бұл сабақтар студенттерге тіл арқылы жаңа әлемді ашуға мүмкіндік береді.