БЕТХОВЕННІҢ ОНЛАЙН МЕРЕЙТОЙЫ

09.04.2020

Көрулер: 1928

      2020 жыл ұлы неміс композиторы Людвиг ван Бетховеннің туғанына 250 жылдық мерейтой жылы деп жарияланды.

     Бетховен бүгінде әлемдегі ең көп орындалатын композиторлардың бірі. Ұлы немістің шығармашылығы - композитордың гуманизм идеалдарына күресіп және қызмет етуі мысалы болып табылады.

     Халықаралық қатынастар факультетінде, халықаралық қатынастар және әлемдік экономика кафедрасында ұлы композитордың өмір жолы мен шығармашылығына арналған бірқатар шаралар дайындалды.

      Осы іс-шаралар аясында студенттер мен кез-келген қызығушылық танытқан адамдар Бетховеннің жалғыз «Фиделио» операсымен, «Қаһармандық» үшінші симфониясымен, Тоғызыншы симфониядағы «Бақытқа» одасымен және Бетховеннің фортепиано өнерімен таныса алады.

      Барлық мәлімет Халықаралық қатынастар факультетінің сайтында және әлеуметтік желілерде қол жетімді болады!