Жаңалықтар

Халықаралық қатынастар факультеті халықаралық құқық кафедрасы студенттерінің Алматы қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының әлеуметтік дәрігерімен онлайн-кездесу

09.03.2021

 

«Рухани жағыру» бағдарламасын іске асыру аясында, сондай-ақ студенттер арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, нашақорлыққа қарсы деструктивті мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру мақсатында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінің халықаралық құқық кафедрасы студенттер мен Алматы қаласындағы ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жүргізу орталығының әлеуметтік дәрігері Үсенул Мадина Мешірқызы «АИТВ-инфекциясының алдын-алу» тақырыбында онлайн-кездесуі ұйымдастырды. Дәрілер студенттерге «АИТВ-инфекциясының алдын-алу» туралы арнайы дәріс оқыды.

Аталған іс-шараның қатысушылары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультеті мен заң факультетінің студенттері, сонымен қатар Халықаралық бизнес университетінің «Логистика» мамандығының студенттері болды.

Бұл танымдық іс-шара тыңдаушыларға адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтыру жолдарын түсіндіру, АИТВ-инфекциясын жұқтырмау жолдары туралы білім деңгейін арттыру, АИТВ-инфекциясының алдын алу шараларымен таныстыру, АИТВ-инфекциясын жұқтырған науқастарға дұрыс көзқарасты қалыптастыру мақсатында өткізілді.

Кездесу барысында ЖИТС орталығының өкілі вирустың таралу жолдары, оның адам ағзасында даму ерекшеліктері, алдын-алу шаралары туралы егжей-тегжейлі айтып, тегін тексеруден өтуге болатындығын кеңес етті, сонымен қатар барлық студенттердің сұрақтарына жауап берді. Тыңдаушылар адамның иммунитетін жоятын қатерлі ауру мен оның дамуына әкелетін вирус туралы көптеген пайдалы және жаңа ақпарат алды. Сондай-ақ, ерекше қызығушылық танытқан студенттер Кумарова Асем мен Абишева Аружан онлайн-кездесу тақырыбы бойынша презентациялар дайындап, баяндамалар жасады. Онлайн-кездесудің ең маңызды нәтижесі – әрбір тыңдаушының өзі үшін жауапкершілікті мінез-құлық және салауатты өмір салтын ұстану АИТВ-ның алдын-алуға негіз болатындығы туралы қорытынды жасағаны.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

04.03.2021

 

 

ҚАЗҰУ ЖОҒАРЫ КӨРСЕТКІШТЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

Әлемнің 1200-ден астам университеттерін бес пәндік бағыт бойынша сараптаған «QS World University Ranking by Subject 2021» пәндік рейтингінің нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ өзінің көрсеткіштерін жақсартып, позициясын нығайтты. ҚазҰУ өткен жылмен салыстырғанда «Өнер және гуманитарлық ғылымдар» пәні бойынша өз көрсеткіштерін 277-ден 156-шы орынға, «Әлеуметтік ғылымдар және менеджмент» пәні бойынша 351-ден 257-ші орынға көтеріп, оң нәтижеге қол жеткізді.

https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/23732/

Ары қарай оқу >>

ТҮЛЕКТЕР КҮНІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

03.03.2021

 

 

ТҮЛЕКТЕР КҮНІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Түлектер қауымдастығының президенті, заң ғылымдарының докторы, профессор Қайрат Әбдіразақұлы Мәми және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының Атқарушы Директорының орынбасары Игорь Иванович Рогов университетке ат басын бұрып, ректор Жансейіт Түймебаевпен ҚазҰУ-дың Түлектер күнін ұйымдастыру және өткізуге қатысты мәселелерді талқылады.

https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/23719/

Ары қарай оқу >>

ШВЕЙЦАРИЯ ЕЛІМЕН ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

03.03.2021

 

 

ШВЕЙЦАРИЯ ЕЛІМЕН ӨЗАРА ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

«Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ» КЕАҚ Басқарма төрағасы – ректор Жансейт Түймебаев Швейцария елінің экономика және менеджмент бойынша қолданбалы жоғары мектебінің ректоры Доминик Джорданмен онлайн кездесіп, тараптар өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/23714/

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ ӨНЕРТАПҚЫШТАРЫНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ – НОУ-ХАУ

03.03.2021

 

 

ҚАЗҰУ ӨНЕРТАПҚЫШТАРЫНЫҢ ЖАҢА ЖОБАСЫ – НОУ-ХАУ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ магистранттары ауаның ластану деңгейін өлшейтін және ауа сапасын нақты уақыт режимінде тексеретін жаңа құрылғы ойлап тапты.

https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/23712/

 

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІНЕ Ө. ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫ БЕРІЛДІ

03.03.2021

 

 

ҚАЗҰУ СТУДЕНТТЕРІНЕ Ө. ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫ БЕРІЛДІ

Техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА және ҚР ҰҒА академигі, көрнекті механик-ғалым, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан ғылымы мен жоғары білім саласындағы ірі ұйымдастырушы Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің 90 жылдығына байланысты ұйымдастырылған мерейтойлық шаралар барысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттеріне Ө.А. Жолдасбеков атындағы шәкіртақы тапсырылды.

https://www.kaznu.kz/kz/3/news/one/23711/

Ары қарай оқу >>

1-Наурыз – Алғыс айту күні

02.03.2021

 

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 1-Наурыз – Алғыс айту күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.  

«Алты алаштың игі-жақсысы бас қосса, төрдегі орын ұстаздыкі» деп ақын Мағжан Жұмабаев айтқандай, ұрпақ тәрбиесінде оқытушы-тәлімгерлердің атқарар рөлі ерекше.  

Әсіресе, пандемияға қарсы күресте қашықтықтан білім беру жүйесіне ерекше назар аударылып, барлық мұғалімдерге маңызды міндеттер жүктелді.

Осынау сындарлы сәтте  өз кәсіптеріңізге адалдық танытып, жаңа жұмыс тәсілінде табандылық көрсеткендеріңіз үшін Сіздерге айрықша алғыс айтамын!

Университет қабырғасына оралар күнді асыға күтіп жүрген білім алушыларға да төзімділіктері мен оқуға деген құштарлықтары үшін  арнайы ризашылығымды және дұғай сәлемімді жеткізгім келеді.  

Барлығымыз сын-қатерден сүрінбей өтіп, көп ұзамай қалыпты жағдайға – толыққанды оқу үдерісіне оралып, университетімізді бірге түлетеміз деген үміттемін.

Айтулы мерекеде баршаңызға зор денсаулық, мол табыс, бақ-береке тілеймін! 

Еліміздің ынтымақ-бірлігі арта берсін!

  әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма төрағасы – ректор   Жансейіт ТҮЙМЕБАЕВ

 

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ АКАДЕМИКТІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

01.03.2021

ҚАЗҰУ АКАДЕМИКТІҢ 90 ЖЫЛДЫҒЫН АТАП ӨТТІ

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚазКСР ҒА және ҚР ҰҒА академигі, көрнекті механик-ғалым, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының ғылымы мен жоғары білімінің ірі ұйымдастырушысы, ҚазКСР ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлының туғанына 90 жыл толуына орай бірқатар мерекелік шаралар өтті.

Академик Ө.А.Жолдасбеков – Қазақстан жоғары мектебінің дамуына негіз болған бірегей тұлға. 1970 жылы Өмірбек Арысланұлы 39 жасында ең ірі әрі көне жоғары оқу орны – С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды. Ол басшылық еткен кезеңде университет КСРО-дағы үздіктер қатарына енді және жоғары оқу орындарының әлемдік қауымдастығына танылды. Оның есімі студенттерді даярлайтын жаңа мамандықтар мен ғылыми бағыттармен тікелей байланысты. Сондай-ақ ғалымның басшылығымен зертханалар, кафедра, ғылыми орталықтар мен Қазақстанның Ұлттық Инженерлік академиясы құрылды. Оның кезінде Қазақстандағы студенттердің символына және әлемдік қоғамдастықтағы Қазақстанның ғылымы мен білімінің белгісіне айналған бірегей кампус – ҚазҰУ қалашығының негізі қаланып, салынды.

Академиктің 90 жылдық мерейтойына байланысты іс-шаралар ҚазҰУ қалашығында орналасқан Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайы алдындағы ғалымның ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Салтанатқа университет ұжымы, ғалымның туыстары, шәкірттері, мемлекет және қоғам қайраткерлері, арнайы шақырылған қонақтар қатысты.

Ары қарай оқу >>