Жаңалықтар

«6В03107-Психология» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада

20.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті базасында философия және саясаттану факультеті Жалпы  және қолданбалы психология кафедрасының ұйымдастыруымен 20.04.2023 күні «6В03107-Психология» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі сәтті өтті. Олимпиадаға Қазақстанның іргелі ЖОО-нан 18 команда қатысуға өтінім білдірді. Жалпы қатысушылар саны 54 студентті құрады.  

Ары қарай оқу >>

«Әлеуметтану» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиада

19.04.2023

Ағымды жылдың 20 сәуір күні әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әлеуметтану» мамандығы бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі сәтті өтті. Олимпиадаға Қазақстанның іргелі ЖОО-ның мықты командалары қатысып, кәсіби білім мен біліктілікті айқындайтын додада бақ сынасты.

Ары қарай оқу >>

«Философия» мамандығы бойынша кезекті Республикалық студенттік пәндік олимпиа

19.04.2023

19.04.2023 күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті философия және саясаттану факультетінде  «Философия» мамандығы  бойынша кезекті Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті. Комиссия мәжілісінде 4 комиссия мүшесі, қатысушылар, олимпиада топтарының ғылыми жетекшілері, көрермендер және комиссия төрағасы  филос.ғ.д., профессор, ҚР ҒЖБМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Философия орталығының директоры Нұрмұратов Серік Есентайұлы қатысып төрағалық етті. 

Ары қарай оқу >>

Философия және саясаттану факультетінде XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі бастау алды

19.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті 2023 жылы сәуір айының 19-21 күндері аралығында «Философия», «Психология», «Әлеуметтану» мамандықтары бойынша XV Республикалық студенттік пәндік олимпиаданың II кезеңі бастау алды.

 

Ары қарай оқу >>

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде өткен ХV Республикалық студенттік пәндік Олимпиада

17.04.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «Дінтану», «Теология» білім беру бағдарламалары бойынша 2023 жылы 17-ші сәуірде Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінде өткен ХV Республикалық студенттік пәндік Олимпиадада жүлделі орындарды иеленді. Студенттердің арасында өткен жеке турнирде дінтану мамандығының 4 курс студенті Нұрсадық Аяулым Ғабитқызы 1-ші орын жеңімпазы болды. 

Ары қарай оқу >>

“Together we have it all” кітабының тұсаукесері және фотокөрмесі

23.03.2023

2023 жылдың 23 наурыз күні Cauchemar ательесінде әйелдер кәсіпкерлігін дамытуға және әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған “Together we have it all: Қырғызстанның қауымдастыққа негізделген туризм секторындағы кәсіпкер әйелдер” кітабының тұсаукесері және фотокөрмесі өтті. Кітап 5 «Гендерлік теңдік» және 8 «Лайықты еңбек және экономикалық өсу» Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға және ілгерілетуге ықпал етеді.

Ары қарай оқу >>

«Наурыз-думан» атты мерекелік іс-шара

17.03.2023

Философия және саясаттану факультеті "Наурыз" мейрамын сән-салтанатпен атап өтті. «Наурыз- думан» атты мерекелік іс-шарасы Философия ғылымының кандидаты, қауымдастырылған профессор, факультет деканы Мейірбаев Бекжан Берікбайұлының құттықтау сөзімен ашылды. 

Ары қарай оқу >>

ПСИХОБЕЛСЕНДІ ЗАТТАР МЕН АЛКОГОЛЬДІ ТҰТЫНУДЫҢ АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ЖАСТАР КӨШБАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН ОҚЫТУ ТРЕНИНГТЕРІ

17.03.2023

Бүкіл әлемдегі ең маңызды әрі өткір мәселелердің бірі жастар арасындағы психобелсенді заттар мен алкогольді пайдалану екендігі жасырын емес. Психобелсенді заттар мен алкогольді пайдалану сұрақтары жастардың жеке тұлғалық ерекшеліктері және реакцияларымен тығыз байланысты, көбінесе шешімін таппаған психологиялық сұрақтар осы алкоголь мен есірткіге тәуелділікке апаратын алғашқы қадам болуы мүмкін. 

Ары қарай оқу >>

Академиялық ұтқырлық лайфхактары

03.03.2023

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ философия және саясаттану факультеті халықаралық байланыстарды кеңейту және акедемиялық ұтқырлық көлемін арттыру мақсатында студенттер, магистранттар және доктаранттарға арналған Instagram-да тікелей эфирлер сериясын бастады.

 

Ары қарай оқу >>

Ашық есік күні

24.02.2023

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 2023 жылдың 24 ақпан күні мектеп оқушыларына болашақ мамандықтар туралы мағлұмат беру, қоғам сұранысындағы мамандықтардың ерекшелігі және артықшылықтарымен таныстыру, кәсіби тұрғыда мамандық таңдауға бағыт-бағдар беру мақсатында мектеп бітірушілеріне арналған «Ашық есік күні» іс-шарасы өтті.  

Ары қарай оқу >>