Жаңалықтар

Жаны саудың тәні сау

06.12.2019

2019 жылдың 6 желтоқсанында әл-Фараби ат. ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының қызметкерлері және магистранттары «Жаны саудың тәні сау» жобасы аясында Испанияның Мадрид Компетенсе университетінің профессоры Асунсьон Лопез-Вареламен бірге Талғар тау бөктеріндегі Несібелі кешеніне барды. Кафедраның ұйымдастыруымен өткен іс-шарада профессор Асунсьон Лопез-Варела діни символика, заманауи өнер және дін, көшпенді қазақ мәдениеті және т.б. еркін тақырыптарда әңгіме өрбіді. Бұл шара «One Asia Foundation» қоры мен ҚазҰУ-нің бірлескен халықаралық ынтымақтастық бағдарламасын аясында іске асуда.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстандағы конфессиялық және конфессияаралық жағдай» атты ашық сабақ

06.12.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті корпусында 2019 жылдың 6 желтоқсанында «6М020600-Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Сейдахметов Б.Қ. педагогикалық практика аясында «5В020600-Дінтану» мамандығының 1 курс студенттеріне «Қазақстандағы конфессиялық және конфессияаралық жағдай» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.

Ары қарай оқу >>

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері

06.12.2019

06.12.19 Филос.ғ.д. профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлының қатысуымен Еуразия гуманитарлық институтында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты Халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті. 

Ары қарай оқу >>

Ақпарат

06.12.2019

06.12.2019 ж. философия және саясаттану факультетінде «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс магистранты Зейнуллин Р.Б. педогогикалық тәжірбие аясында «Психология» мамандығының 2 курс студенттерімен «Қазақстандағы мәдени туризм»  тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Қазақстан мәдениеті діни ескерткіштерінің қасиетті мазмұны

05.12.2019

05.12.19  Филос.ғ.д., профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлының қатысуымен «100 кітап» жобасы аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  ғылыми кітапханасында «Қазақстан мәдениеті діни ескерткіштерінің қасиетті мазмұны» тақырыбы бойынша ғылыми семинар өтті. 

Ары қарай оқу >>

Қайырымды азаматтық қоғам қалыптасуы

03.12.2019

2019 жылдың 3 желтоқсан күні «Қайырымды азаматтық қоғам қалыптасуы» жобасы аясында ТМД елдері, Ауғанстан этномәдениеттері бойынша шара өткізілді. Ауғанстан, Түркменстан, Тәжікістан, Өзбекстаннан келген шетелдік студенттер өз елдерінің дәстүрлі мәдениеттері: ар-намыс кодексі пуштунвали, салт-жоралар, дін, өнер, асхана, музыка, сопылық және т.б. бойынша презентация көрсетті. 

Ары қарай оқу >>

«Қазақстандағы конфессиялық және конфессияаралық жағдай» атты ашық сабақ

03.12.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті корпусында 2019 жылдың 3 желтоқсанында «6М020600-Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Алпысбай М. А. педагогикалық практика аясында «5В020600-Дінтану» мамандығының 1 курс студенттеріне «Қазақстандағы конфессиялық және конфессияаралық жағдай» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.

 

Ары қарай оқу >>

«Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында

28.11.2019

2019 жылдың 28 қарашасында «Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Кельдинова А.Б. «Айналаңды нұрландыр!» жобасы аясында дінтану мамандығының 4 курс студенттерімен бірге 28 панфилов паркінде орналасқан Православ шіркеуінің Вознесенск кафедралды соборына барды.

 

Ары қарай оқу >>

«Шіркеудегі құлшылық жасау» атты ашық сабақ

28.11.2019

2019 жылдың 28 қарашасында «Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Кельдинова А.Б. педагогикалық практика аясында дінтану мамандығының 4 курс студенттеріне «Шіркеудегі құлшылық жасау» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.

Ары қарай оқу >>

«100 кітап» жобасы аясында

21.11.2019

2019 жылдың 21 қарашасында «Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Кельдинова А.Б. «100 кітап» жобасы аясында дінтану мамандығының 4 курс студенттеріне Карен Армстронгтың «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты тақырыпта сабақ өткізді.

Ары қарай оқу >>