Тазалық байқауының қорытындысы
13.04.2019Наурыз мерекесі қарсаңында дәстүрлі тазалық байқауында философия кафедрасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Үздік кафедрасы» атанып, ІІ орынға ие болды.
Наурыз мерекесі қарсаңында дәстүрлі тазалық байқауында философия кафедрасы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Үздік кафедрасы» атанып, ІІ орынға ие болды.
2019 жылдың 10 сәуірінде ҚазҰУ-нің ғылыми кітапханасында «Рухани Жаңғыру» – 2 жыл. «Ұлы Дала мәдениетінің рәміздері, жәдігерлері және ескерткіштері» атты Халықаралық ғылыми конференция өтті. Конференция барысында Дінтану және мәдениеттану кафедрасының мәдениеттану бойынша жаңа оқулықтардың презентациясы мен талқылауы болды. Осы іс-шараға «Дінтану» мамандығының 2 курс PhD докторанты Камалова Ф.Б. қатысты.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде өткен пәндік олимпиадада «Философия» мамандығының студенттері 1 отынды иеленді
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Философия және саясаттану факультетіндегі студенттердің ғылыми қоғамының ұйымдастыруымен өткен «Project X» жобасында философия кафедрасының 1 курс студенттері І орынға ие болды.
«Әл-Фараби және қазіргі заман» VI халықаралық Фараби форум аясында «Ұлы Даланың жеті қыры: философиялық талдау» Республикалық философиялық эссе байқауы өтті.
Студенттер мен жас ғалымдардың«Фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясында философия мамандығының 1 курс студенті Каримов Дамирдің ғылыми жобасы үздік жоба деп танылып, І орынға ие болды.
2019 жылы 2 сәуірде ҚазҰУ-нің ғылыми кітапханасында «Әл-Фараби және Қазіргі Заман» Халықаралық Фараби форумының «Ұлы Даланың Ұлы Ойшылдары» атты 1 секция мәжілісінде Кастамону университетінің проректоры, профессор Али Рафет Озкан «Батыстағы заманауи исламофобия» тақырыбында баяндама жасады.
2019 жылдың 2 сәуірінде Қазақ Ұлттық университетінде VI Халықаралық Фараби Оқулары аясында «Әл-Фараби және Қазіргі Заман» атты Халықаралық Фараби Форумының ашылу салтанаты болды. Ашылу салтанатына «Дінтану» мамандығының 2 курс PhD докторанты Ф.Б. Камалова мен оның шетелдік ғылыми жетекшісі Кастамону (Түркия) университетінің проректоры, профессор Али Рафет Озкан қатысты.
2019 жылдың 2 сәуірінде ҚазҰУ-нің ғылыми кітапханасында «Әл-Фараби және қазіргі заман» атты VI Халықаралық Фараби форум аясында «Заманауи Қазақстандағы дінтану: ғылым және білім интеграциясы» тақырыбында пікір-сайыс алаңы өтті. Пікір-сайыс алаңының бағдарламасына сәйкес «Дінтану» мамандығының 2 курс PhD докторанты Камалова Ф.Б. «Қазақстанның киелі жерлері: дінтанулық талдау» тақырыбында баяндама оқыды.
2019 жылы 1 сәуірде Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасында Алматы облысының Іле ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығының мамандарымен кездесу өткізілді.