«Қазақстандағы конфессиялық және конфессияаралық жағдай» атты ашық сабақ

03.12.2019

Көрулер: 1599

Ашық сабақтың мақсаты: Елімізде таралған дін мен діни ұйымдардың тарихи, мәдени, заңдық, саяси және статистикалық аспектілерін қарастыру болды.

Ашық сабақ барысында студенттерге жаңа тақырыпты слайд-презентация арқылы түсіндіріліп, тақырыптың мәнін ашып көрсетуге әбден жағдай жасалды. Берілген мәліметтерді бекіту мақсатында бейнебаяндар көрсетіліп, ойындар ойнатылды. Дәрістің тақырыбына сәйкес студенттердің жеке ойларының айтылуы да ескерілді.

Ұйымдастырушылар: аға оқытушы, PhD Утебаева Д. С.,  «6М020600-Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Алпысбай М. А.