Жаңалықтар

Мерейтой қарсаңында “Әбу Насыр әл-Фараби және оның шығармашылығы” атты онлайн дөңгелек үстел өткізілді

04.02.2020

Ағымдағы жылдың ақпан айының 4-күні әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті “Әбу Насыр әл-Фараби және оның шығармашылығы” тақырыбында онлайн дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шара Қостанай облыстық Қазақстан халықтары ассаблеясының бастамасымен өтті. Онлайн дөңгелек үстелге А. Байтұрсұнұлы атындағы мемлекеттік университет, Ө.Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университеті сынды қостанайлық бірнеше университет қатысты.

 

Ары қарай оқу >>

Жамбыл облысы әкімдігінің Дін істер басқармасында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, дінтану және мәдениеттану кафедарасы филиалының ашылуы

31.01.2020

2020 жылдың 31 қаңтар күні Жамбыл облысының Дін істер басқармасы және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасында келісімшартқа қол қойылды, келісімшарты пәні дінтану және мәдениеттану кафедрасы филиалының ашылуы болып табылады. 

Ары қарай оқу >>

Рухани жаңғыру және Қазақстанның мәдени ескерткіштері

25.12.2019

25.12.19 – 31.12.19 жж. филос. ғ. д., профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлының қатысуымен М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми кітапханасында «Рухани жаңғыру және Қазақстанның мәдени ескерткіштері» тақырыбы бойынша ғылыми семинар өтті.

Ары қарай оқу >>

Айналаңды нұрландыр

12.12.2019

2019 жылдың 12 желтоқсан күні әл-Фараби ат. ҚазҰУ, дінтану және мәдениеттану кафедрасы оқытушылары, студенттері, Малайзия ислам университеті зерттеушісі Мя Сю Сан Ғылым ордасында «Алтын адам» ескерткіші табылғанының 50 жылдығына арналған дөңгелек үстелге қатысты. Іс-шараның ұйымдастырушылары Археология және Қазақ ғылымы тарихының «Ғылым ордасы» РМК мұражайлары болды.

Ары қарай оқу >>

Жылу сыйла

09.12.2019

2019 жылы 9 желтоқсанда "Исламтану" мамандығының екінші курс магистранты Чалгымбаев Ернар "Дінтану" мамандығының үшінші курс студенттерімен бірге "Айналаңды нұрландыр " жобасы аясында "Жылу сыйла" атты ашық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында үшінші курс студенттері дінтанушылардың мамандықтарымен, оның қоғамдағы маңыздылығы мен қызметінің ерекшеліктерімен таныстыру мақсатында қала азаматтарымен достық кездесу ұйымдастырды. Студенттер барлығына ыстық шай мен кофе сыйлады.

Ары қарай оқу >>

Жаны саудың тәні сау

06.12.2019

2019 жылдың 6 желтоқсанында әл-Фараби ат. ҚазҰУ философия және саясаттану факультетінің дінтану және мәдениеттану кафедрасының қызметкерлері және магистранттары «Жаны саудың тәні сау» жобасы аясында Испанияның Мадрид Компетенсе университетінің профессоры Асунсьон Лопез-Вареламен бірге Талғар тау бөктеріндегі Несібелі кешеніне барды. Кафедраның ұйымдастыруымен өткен іс-шарада профессор Асунсьон Лопез-Варела діни символика, заманауи өнер және дін, көшпенді қазақ мәдениеті және т.б. еркін тақырыптарда әңгіме өрбіді. Бұл шара «One Asia Foundation» қоры мен ҚазҰУ-нің бірлескен халықаралық ынтымақтастық бағдарламасын аясында іске асуда.

Ары қарай оқу >>

«Қазақстандағы конфессиялық және конфессияаралық жағдай» атты ашық сабақ

06.12.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультеті корпусында 2019 жылдың 6 желтоқсанында «6М020600-Дінтану» мамандығының 2 курс магистранты Сейдахметов Б.Қ. педагогикалық практика аясында «5В020600-Дінтану» мамандығының 1 курс студенттеріне «Қазақстандағы конфессиялық және конфессияаралық жағдай» атты тақырыпта ашық сабақ өткізді.

Ары қарай оқу >>

Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері

06.12.2019

06.12.19 Филос.ғ.д. профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлының қатысуымен Еуразия гуманитарлық институтында «Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдардың қазіргі мәселелері» атты Халықаралық ғылыми практикалық конференция өтті. 

Ары қарай оқу >>

Ақпарат

06.12.2019

06.12.2019 ж. философия және саясаттану факультетінде «Мәдениеттану» мамандығының 2 курс магистранты Зейнуллин Р.Б. педогогикалық тәжірбие аясында «Психология» мамандығының 2 курс студенттерімен «Қазақстандағы мәдени туризм»  тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Қазақстан мәдениеті діни ескерткіштерінің қасиетті мазмұны

05.12.2019

05.12.19  Филос.ғ.д., профессор Ғабитов Тұрсын Хафизұлының қатысуымен «100 кітап» жобасы аясында Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің  ғылыми кітапханасында «Қазақстан мәдениеті діни ескерткіштерінің қасиетті мазмұны» тақырыбы бойынша ғылыми семинар өтті. 

Ары қарай оқу >>