Жаңалықтар

Жыр алыбы – Жамбыл: аңыз және ақиқат

10.04.2021

«Философия және саясаттану» факультеті, «Философия» кафедрасы «Кіші Фараби» академиясының ұйымдастыруымен 2021 жылы сәуір айының 10 күні сағат 15:00-де Жамбыл Жабаевтың 175-жылдығына арналған «Жыр алыбы – Жамбыл: аңыз және ақиқат» атты ашық форматта вебинар өтті.

 

Ары қарай оқу >>

"Студенттік көктем - 2021" көркемөнерпаздар байқауы

03.04.2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай және ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" мақаласындағы Наурыз мейрамын тойлау тұжырымдамасына сәйкес, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Студенттік көктем-2021» көркемөнерпаздар байқауы онлайн форматта ұйымдастырылды.

Ары қарай оқу >>

«Қазақ отбасының психологиялық ерекшеліктері» веб-семинар

29.03.2021

2021 жылы 29 наурызда Сент-Климент Охридски атындағы София университетінің студенттері және оқытушыларымен веб-семинар өткізілді (София, Болгария). Кездесудің тақырыбы: «Қазақ отбасының психологиялық ерекшеліктері», психология ғылымдарының кандидаты, жалпы және қолданбалы психология кафедрасының доценті, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ отбасылық құндылықтарды зерттеу орталығының директоры, Кабакова Майра Победовнаның монографиялық зерттеулеріне негізделген.

Ары қарай оқу >>

ЖОО-да «Исламтану» мамандарын дайындаудың өзекті мәселелері

27.03.2021

Ағымдағы жылдың 27 наурыз күні сағат 14.00-де (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «Қайырымды қоғам азаматтарын қалыптастыру» инновациялық жобасы аясында «ЖОО-да «Исламтану» мамандарын дайындаудың өзекті мәселелері» атты онлайн форматта халықаралық конференция өткізілді.

Ары қарай оқу >>

«Көңілді көктем»

26.03.2021

Ағымдағы жылдың наурыз айында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Философия және саясаттану факультеті аясында Әлеуметтану және әлеуметтік жұмыс кафедрасының ұстаздарының қатысуымен «Көңілді көктем»атты мерекелік құттықтау іс-шаралары өткізілді. 

Ары қарай оқу >>

«Рухани жаңғыру» аясында өткен ашық сабақ

20.03.2021

20.03.2021 жылы Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы өндірістік практика жетекшісі Әскенұлы Елнұр, аға оқытушысы Әлжанова Нұрлыхан Қожабергенқызы және «дінтану» мамандығының 4 курс студенті Мұхаметханова Гүлмираның ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру» жобасы аясында «Zoom» платформасы арқылы Ұлы ғұлама Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдығына орай шығармашылығымен танысу барысында ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ барысында әл-Фарабидің «Қайырымды қала тұрғындары» атты еңбегі талқыланды.

Ары қарай оқу >>

Қазақстан республикасының 30 жылдығына арналады «Диуани хикмет - қазақ халқының орта ғасырдағы тарихи- рухани ескерткіші» - атты республикалық онлайн студенттік оқырман конференция

13.03.2021

2021 жылдың   13 наурызында әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ «Философия және саясаттану» факультеті, «Дінтану және мәдениеттану» кафедрасында «ҚазҰУ-дың студенті оқуға тиіс 100 кітап» жобасы аясында «Диуани хикмет - қазақ халқының орта ғасырдағы тарихи - рухани ескерткіші» - атты республикалық онлайн студенттік оқырман конференциясы өтті.

Ары қарай оқу >>

"Дені саудың жаны сау" жобасы аясында өткен іс-шара

10.03.2021

10.03.2021  жылы Философия және саясаттану факультеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының аға оқытушысы өндірістік практика жетекшісі Әскенұлы Елнұр, аға оқытушысы Әлжанова Нұрлыхан Қожабергенқызы және «дінтану» мамандығының 4 курс студенті Маусымбаева Дананың ұйымдастыруымен "Дені саудың жаны сау" жобасы аясында "COVID-19 және оның алдын-алу" тақырыбында іс-шара өтті. "Дені саудың жаны сау" іс-шара аясында әл-Фараби атындағы КазҰУ студенттері және мұғалімдеріне, аға оқытушыларына  қазіргі пандемия жағдайына байланысты санитарлық нормаларды сақтау мақсатында медициналық бетперде және медициналық қолғаптар таратты.

Ары қарай оқу >>

Алаш Орда: саясат және ақиқат

05.03.2021

2021 жылдың 5 наурыз күні сағат 18:00-де «Философия және саясаттану» факультеті, «Философия» кафедрасы «Кіші Фараби» академиясының ұйымдастыруымен Әлихан Бөкейхановтың 155-жылдығына арналған «Алаш Орда: саясат және ақиқат» атты ашық форматтағы вебинар өтті. 

Ары қарай оқу >>