ЖОО-да «Исламтану» мамандарын дайындаудың өзекті мәселелері

27.03.2021

Көрулер: 1988

Конференцияны ұйымдастырғандар: Н.Ж. Байтенова – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д. Қазақстан, Алматы. С. У. Абжалов – Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Гуманитарлық ғылымдар факультетінің деканы. Қазақстан, Түркістан. А. Қ. Дүйсенбаева – Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, Дінтану кафедрасының аға оқытушысы, доцент м.а., PhD. Қазақстан, Алматы. Т. У. Юлдашев – ҚМДБ, Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының оқу бөлім меңгерушісі, исламтанушы докторант. Қазақстан, Алматы. Ф. Б. Камалова – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті, Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы, PhD. Қазақстан, Қызылорда. Н. А. Орынбеков – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының оқытушысы, PhD докторант. Қазақстан, Алматы. Ж. Хумархан – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби орталығы, ғылыми қызметкер. Қазақстан, Алматы.
Халықаралық конференцияның мақсаты: ЖОО-дағы «Исламтану» мамандарын дайындаудың өзекті мәселесін талқылау.
Конференцияның жұмыс барысында Н. Ж. Байтенова – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры, филос.ғ.д. Қазақстан, Алматы. «Қазақстандағы исламтану мамандарын даярлау»; Али Рафет Озкан – Кастамону университеті, Теология факультетінің профессоры, доктор. Түркия, Кастамону. «Kastamonu Üniversitesi İlahiyat Fakültelere göre Akademik Yapısı» (Теология факультеттеріне сәйкес Кастамону университетінің академиялық құрылымы); Яшар Айдынлы – Улудағ университеті, Теология факультетінің     профессоры, доктор. Түркия, Бурса. «Türkiye’de İlahiyat Eğitiminin Akademik Temelleri» (Түркиядағы теологиялық білім берудің академиялық негіздері); Мадиһ Абдулла Абдулжауад – Каир университетінің профессоры. Мысыр, Каир. «Исламтану ілімі: қазіргі кезі және болашағы»; З. М. Исломов – Өзбекстанның Халықаралық ислам академиясының ғылым және инновация бойынша проректоры, филол.ғ.д., профессор. Өзбекстан, Ташкент. «Жаңа Өзбекстандағы исламдық білім мен зерттеулердегі реформалар»; Д. Т. Кенжетай – Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Ясауи ҒЗО директоры, филос.ғ.д., профессор. Қазақстан, Түркістан. «Ислам ғылымдарының қалыптасу алғышарттары мен ұстанымдарына сыни көзқарас»; Д. Максудов – Имам Матуриди атындағы Халықаралық зерттеу орталығының директоры, тарих ғ.д., доцент. Өзбекстан, Ташкент. «Өзбекстандағы Құран ғылымдарын зерттеу»; Ж. С. Сандыбаев – Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, Академиялық мәселелер департаментінің директоры, филос.ғ.к., доцент. Қазақстан, Алматы. «Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университетіндегі исламтанулық білім беру үдерісі»; М. З. Абдуллаева – Өзбекстанның Халықаралық ислам академиясы, ЮНЕСКО-ның дінтану және әлемдік діндерді салыстырмалы зерттеу кафедрасы, дінтанушы PhD. Өзбекстан, Ташкент. «Өзбекстанда исламтануды оқыту: Халықаралық ислам академиясының тәжірибесі»; Т. У. Юлдашев – ҚМДБ, Имамдардың білімін жетілдіру ислам институтының оқу бөлім меңгерушісі, исламтанушы докторант. Қазақстан, Алматы. «Қазіргі пандемия жағдайында имамдарға исламдық білім беру жүйесі» тақырыптарында баяндамалар жасалды.
Конференция барысында төмендегідей мәселер бойынша талқылаулар жүргізілді:
- Шет елдердегі исламтану мамандығын дайындаудың ерекшеліктері және тәжірибесі (Түркия, Мысыр, Өзбекстан елдері бойынша);
- Исламтанушы мамандардың ұлттық қауіпсіздікті, дінаралық тұрақтылықты сақтаудағы рөлі;
- Исламтану мамандығының БББ құрылымы және мәні;
- Исламның түрлі аспектілерін зерттеу, исламдық зерттеулердің әдіснамалық мәселелері және ислам көздерін түсіндіру әдістері;
- Ислам мәдени мұрасы, діни байланыс (ислам) мәселелерін, исламның заманауи және кейінгі заманғы өркениетпен қарым-қатынасын зерттеу;
- Сандық қоғамдағы исламтану маманы.
Конференцияға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Дінтану және мәдениеттану кафедрасы мен әл-Фараби зерттеу оралығының профессор-оқытушы құрамы мен магистрант-докторанттары, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті, Гуманитарлық ғылымдар факультетінің, Нұр Мүбарак Египет Ислам мәдениеті университеті, Дінтану кафедрасының, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің Философия және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының өкілдері қатысты.
Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, орыс, өзбек, араб, түрік тілдері болды.