Жаңалықтар

Профессор Сабыр Темиргалиевич Нуртазин Scopus нұсқасы бойынша үздік қазақстандық ғалымдардың қатарында!

15.11.2018

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры С.Т.Нуртазин «Ауылшаруашылық ғылымындағы үздік зерттеуші» марапатына ие болды.

14-қараша күні Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген Scopus Award 2018 премиясын марапаттау рәсімінің аясында елімізде ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін ең үздік авторлар және ғылыми-зерттеу ұйымдары марапатталған болатын.

Scopus Award сыйлығы ірі халықаралық ғылыми Elsevier баспасы тағайындаған ғалымдарды белсенді жұмысы үшін ынталандыруға, ғалым мәртебесін сақтауға және жас ғалымдар арасында кәсіби ғылыми жұмыспен айналысуды насихаттауға бағытталған беделді әлемдік ғылыми марапат болып табылады.

Құттықтаймыз!

Ары қарай оқу >>

«Аквакультураның дамуы» тақырыбындағы семинар

14.11.2018

Бүгін биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында оқытушы Джумаханова Г.Б., б.ғ.к., аға оқытушылар С.М. Шалгимбаева, Ж.С. Омарова, Е.Б. Кегенов және Г.Б. Кегенованың ұйымдастыруымен профессор Хеймо Микколаның (Финляндия Республикасы, Шығыс Финляндия Университетінің Адъюнкт профессоры) қатысуымен «5В080400 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығына арналған «Аквакультураның дамуы» тақырыбында семинар өткізілді.

       Семинар барысында қатысушылар балық өсіру бойынша құнды мәліметтер алды:

-         қазіргі таңдағы Аквакультура жағдайы;

-         аквакультура жағдайында өсірілетін балықтардың ерекшеліктерімен;

-         Тиляпия балығын өсіру технологияларымен танысты.

Ары қарай оқу >>

Аквакультура дамыту

14.11.2018

14.11.2018 в 10:30 на кафедре биоразнообразия и биоресурсов будет проходить научный семинар на тему: «Развитие аквакультуры» с участием ученых из Университета Восточной Европы (Куопио, Финляндия).
Организаторы: к.б.н., ст.преп. Шалгимбаева С.М., преп. Джумаханова Г.Б., к.б.н., ст.преп. Омарова Ж.С., ст.преп. Кегенов Е.Б., ст.преп. Кегенова Г.Б.

Кафедра биоразнообразия и биоресурсов

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Қалқанқұлақтың (Selevinia betpakdalensis) ғылыми сипатталып («Ученые записки КазГУ», 1938) жазылуының 80-жылдығына орайластырылып өтетін дөңгелек үстелге шақыру

10.11.2018

Сізді «Қалқанқұлақтың (Selevinia betpakdalensis) ғылыми сипатталып («Ученые записки КазГУ», 1938) жазылуының 80-жылдығына орайластырылып өтетін дөңгелек үстелге шақырамыз. 

 Уақыты: 2018 жылдың 21 қарашасы күні сағат 15.00-де  Биология және биотехнология факультетінде, мына мекен-жайда: Алматы қ., Тимирязев көшесі, 71, 6 БОҒ, 214 аудитория.

Келем деушілерге есік ашық, кіру тегін 

Ары қарай оқу >>

Биология мұражайына саяхат

08.11.2018

08 қараша 2018 ж. «5В060700-Биология» мамандығының 1 курс студенттерінің қатысуымен Биология мұражайының экспозияция залдарына экскурсия жасалды. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология мұражайы 1936 жылы биология факультетінің зоология кафедрасының жанынан зоология, ал 1949 жылы биология мұражайы болып ашылған. Мұражайдың қазіргі экспозициялық залы 1984 жылы университеттің 50 жылдық мерейтой қарасаңында ашылған. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология мұражайы республика аумағында ғана емес, сондай-ақ ТМД жоғарғы оқу орындарының арасында теңдесі жоқ бірегей мұражай!!!

Экскурсия мақсаты: білім алушыларды Қазақстан Республикасының флора және фауна өкілдерінің алуантүрлілігімен таныстыру, табиғатты аялауға тәрбиелеу, студенттердің биология саласындағы білімдерін кеңейту.

Ұйымдастырушы: куратор-эдвайзер Қайрат Б.Қ.

Ары қарай оқу >>

Профессор Pierre Vandendriessche-тің «Тамақ өнеркәсібіндегі операторлық менеджерлерге арналған Кеңейтілген Excel семинары» тақырыбындағы дәрісі мен тәжірибелік сабағы

08.11.2018

Erasmus+ жобасының қолдауымен биология және биотехнология факультетінде профессор Pierre Vandendriessche-тің (Лилль қаласындағы Инженерлік Жоғары мектептің Азық-түлік өнімдері Департаментінің меңгерушісі, Франция) «Тамақ өнеркәсібіндегі операторлық менеджерлерге арналған Кеңейтілген Excel семинары» тақырыбында дәрісі мен тәжірибелік сабақтары өткізілді.

Семинар барысында қатысушылар Excel бағдарламасының мүмкіндіктерімен танысты:

-  Азық-түлік өнеркәсібінде ингредиенттерді оңтайландыру;

-  «Шешім іздестіру» қосымшасын қолдану арқылы проблеманы қою және оны шешу;

-  Жиынтық кестелерді құрастыру (Pivot Table);

-  Түрлі өлшемдегі жобаларды визуалдау және бақылау үшін Excel бағдарламасын пайдалану.

Ары қарай оқу >>

Профессор Стефан Юрьянцтың «Жануарларды ғылыми мақсаттарға пайдаланудың этикалық қағидалары» тақырыбындағы дәрісі

30.10.2018

Биология және биотехнология факультеті Эразмус+ жобасының қолдауымен, 2018 жылдың 30 қазанында «Жануарларды ғылыми мақсатта қолданудың этикалық қағидалары» тақырыбында дәріс өткізді. Дәрісті Лотарингия этика комитетінің мүшесі және негізін қалаушылардың бірі, Шығыс Франциядағы 26 эксперименталдық орталықтармен бірлесіп зерттеу жұмыстарымен айналысатын профессор Стефан Юрьянц оқыды (ENSAIA, Лоррейн университеті, Франция).

Дәріс және семинарда талқыланған тақырыптар:

- адамзат қоғамындағы жануарлардың орны туралы философиялық ойлар

- Еуропалық одақтағы жануарларды қорғаудың реттелуі;

- Жануарларды ғылыми мақсатта қолдану үшін француздық нормативтік база;

- эксперименталдық жобаларды этикалық бағалау;

- жануарларды қорғау мәселесі бойынша қарсыластар мен қауымдастықтар.

Ары қарай оқу >>

1-курс студенттерінің ЖОО бейімделунің психологиялық аспектілері

25.10.2018

25 қазан 2018 ж. 14.00 сағ. биофизика және биомедицина кафедрасында «Президенттің Қазақстан халқына кезекті жолдауы» аясында кафедра деңгейінде «1-курс студенттерінің ЖОО бейімделунің психологиялық аспектілері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Тәрбиелік шара барысында 1 курс студенттеріне ЖОО-на кездесетін негізгі қиыншылықтары мен оларды шешуде кеңестер берілді және 1 курс студенттерінің ЖОО-на бейімделуі кезінде тап болатын мәселелері анықталды:

- пәндердің көпшілігі бойынша мектепте алған білім деңгейінің жеткіліксіз болуы;

- өз уақыты мен күш-жігерін ұтымды пайдала білмеу;

- жаңа ақпараттың үлкен көлемімен жұмыс істеуге дайын еместігі;

- ата-ана, мұғалім тарабынан үйреншікті бақылау мен қамқорлығының жоқтығы;

- толық өз бетімен білім алуға дайын еместігі;

- ЖОО оқытушылары қоятын жоғары талаптарға дайын еместігі;

- кейбір студенттерде ерік-жігердің, еңбексүйгіштіктің болмауы, ең бастысы оқуға деген құштарлықтың болмауы.

Ұйымдастырушылар: Биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушысы Қайрат Б.Қ., және "5В060700 Биология" мамандығының 3 курс студенттері


Ары қарай оқу >>

«Қазақ балаларын шетелдіктердің асырап алуы дұрыс па?» атты пікірталас

25.10.2018

«Қазақ балаларын шетелдіктердің асырап алуы дұрыс па?» 

атты пікірталас

 әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биология және биотехнология факультетінде тәрбие жұмыстарына үлкен көңіл бөлінеді. Оқытушылар №7 жатақханада кезекшілік уақытында пәндер бойынша кеңес беріп, әлеуметтік маңызы бар тақырыптар бойынша түрлі іс-шаралар өткізеді. 2018 жылдың 25 қазанында «5B060700-Биология» мамандығының 2 курс студенттері (ББ17-08K және ББ17-03K) «Қазақ балаларын шетелдіктердің асырап алуы дұрыс па?» атты пікірталас ұйымдастырды. Студенттер өздерінің көзқарастары мен пікірлерін талқылап, бұл мәселеге шынайы алаңдаушылықтарын білдірді. Студенттеріміздің өз елінің нағыз азаматтары екендігі туралы білу өте ұнамды әсер қалдырды! Қазақстанның болашағына сеніміміз мол!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрында «Айтылмаған махаббат» қойылымын тамашалау

18.10.2018

Ғ.Мүсірепов атындағы жастар театрында «Айтылмаған махаббат» қойылымын тамашалау

 19 қазан 2018 жылы сағат 18.30-да РМҚК Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына ББ17-08К тобының 2 курс студенттері биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор-эдвайзері А.Ж.Чилдибаевамен «Айтылмаған махаббат» қойылымын тамашалауға бардық. Қойылым бізге ұнады, жақсы көңіл-күймен рухани байып, демалып қайттық!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>