«Аквакультураның дамуы» тақырыбындағы семинар

14.11.2018

Көрулер: 2130

Бүгін биология және биотехнология факультетінің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасында оқытушы Джумаханова Г.Б., б.ғ.к., аға оқытушылар С.М. Шалгимбаева, Ж.С. Омарова, Е.Б. Кегенов және Г.Б. Кегенованың ұйымдастыруымен профессор Хеймо Микколаның (Шығыс Финляндия Университетінің Адъюнкт профессоры, Куопио, Финляндия) қатысуымен «5В080400 – Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау» мамандығына арналған «Аквакультураның дамуы» тақырыбында семинар өткізілді.

Семинар барысында қатысушылар балық өсіру бойынша құнды мәліметтер алды:

қазіргі таңдағы Аквакультура жағдайы;

  аквакультура жағдайында өсірілетін балықтардың ерекшеліктерімен

  - Тиляпия балығын өсіру технологияларымен танысты.