Профессор Сабыр Темиргалиевич Нуртазин Scopus нұсқасы бойынша үздік қазақстандық ғалымдардың қатарында!
15.11.2018
Көрулер: 2942
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының профессоры С.Т.Нуртазин «Ауылшаруашылық ғылымындағы үздік зерттеуші» марапатына ие болды.
14-қараша күні Қазақстанда тұңғыш рет өткізілген Scopus Award 2018 премиясын марапаттау рәсімінің аясында елімізде ғылымды дамытуға қосқан үлесі үшін ең үздік авторлар және ғылыми-зерттеу ұйымдары марапатталған болатын.
Scopus Award сыйлығы – ірі халықаралық ғылыми Elsevier баспасы тағайындаған ғалымдарды белсенді жұмысы үшін ынталандыруға, ғалым мәртебесін сақтауға және жас ғалымдар арасында кәсіби ғылыми жұмыспен айналысуды насихаттауға бағытталған беделді әлемдік ғылыми марапат болып табылады.
Құттықтаймыз!