Жаңалықтар

Грайфсвальд пен Қазақстан арасындағы жемісті ынтымақтастық жылдары

11.10.2018

Мақала мазмұнында Грайфсвальд университетінің ботаника және ландшафтық экология институтының және биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының Биология және биотехнология факультетінің Әл-Фараби фтындағы ҚазҰУ ғалымдары арасындағы (7 жылдан астам) ұзақ мерзімді ынтымақтастық туралы жазылған.

Қазақстан тарабынан биология ғылымдарының докторы, профессор Сабыр Темірғалиұлы Нұртазиннің, сондай-ақ оның шәкірттерінің, жас және амбициялы ғалымдардың университеттер арасындағы жемісті ынтымақтастыққа қосқан зор үлесі туралы айтылған.

Ол сондай-ақ, ғылыми-зерттеу жобалары, көптеген бітіруші студенттердің дипломдық жұмыстары мен магистранттардың диссертациялары, жыл сайынғы жобалар мен академиялық ұтқырлық шеңберіндегі студенттердің алмасуы боыйнша бірлесіп атқарылған жұмыстары туралы сипатталған.

Мақалаға сілтеме: https://rsf.uni-greifswald.de/lehrstuehle/wiwi/avwl/lehrstuhl-beckmann/

 

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Қазақтың дәстүрлері»

04.10.2018

4 қазан 2018 жылы сағат 14.00 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 1, 3 курс студенттері “Айналандыр-нұрландыр” «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақтың дәстүрлері» деген қазақ дәстүрлеріне арналған мерекелік мәдени іс - шара ұйымастырды. Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 214 ауд., өткізу уақыты: 14.00. Ұйымдастырушылар: б.ғ.к., доцент профессор Атабаева С.Д.,Асрандина С.Ш., х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А.

 

       Шараны өткізу мақсаты: қазақ халқының дәстүрлерін еске түсіріп, қазақ халқының ұлттық мәдеін құрметтеп, дәстүрлерді сақтау және көбейту.

       Студенттер қазақтың дәстүрлері туралы әңгімелер айтты, қазақтың салттары туралы тақпақ айтты, презентация көрсетті. Барлық студенттер белсенді қатысты. белсене қатысты. Кеш көңілді және қызықты өтті.

Ары қарай оқу >>

БОТАНИКАЛЫҚ БАҚқа саяхат

04.10.2018

БОТАНИКАЛЫҚ БАҚқа саяхат

 2018 жылы қазан айының 4-ші жұлдызында менің кураторлық ББ17-08К тобының студенттері «Ботаникалық баққа» экскурсия жасадық. Олар «Жапон бағы», «Тропикалық және субтропикалық өсімдіктер оранжереясы», «Солтүстік және оңтүстік Американың дендрологиясы» атты ботаникалық бақтың негізгі экспозицияларымен танысты. Студенттер жалпы ботаника курсы бойынша өз білімдерін көрсетіп, үлкен қызығушылық танытты. Бұл менің биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы ретінде студенттерді жақсы дайындайтынымыз туралы пікірімді нығайтты. Жазғы оқу-далалық практикаға бара алмайтын студенттер үшін (медициналық себептері бойынша) Алматы ботаникалық бағы - өсімдіктер әлемінің биоалуантүрлілігі туралы өз білімдерін кеңейтуге үлкен мүмкіндік туғызды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

«Ұстазым менің»

02.10.2018

2 қазан 2018 жылы сағат 13.00 Биология және биотехнология факультеті, Биотехнология кафедрасының «5В070100 - Биотехнология» мамандығының 1,2,4  курс студенттері “Айналандыр-нұрландыр” «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  «Ұстазым менің»  деген  мұғалімдер күніне арналған мерекелік мәдени іс - шара ұйымастырды.  Өткізілген орын: әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, 214 ауд., өткізу уақыты: 13.00. Ұйымдастырушылар: б.ғ.к., доцент профессор Атабаева С.Д.,Асрандина С.Ш., х.ғ.д., профессор Шоинбекова С.А.

 

        Шараны өткізу мақсаты: студенттер мұғалімдерді  кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың енбегін жоғары бағалап, олардығ жұмысына құрмет көрсету.

        Студенттер ұстаздар туралы тақпақ, өлеңдер айтты, өздерінің сүйікті  мұғалімдер туралы әңгімелер айтты. Барлық студенттер белсенді қатысты. белсене қатысты. Кеш көңілді және қызықты өтті.

Ары қарай оқу >>

Қош келдің, жас талапкер!

26.09.2018

26 қыркүйек 2018 ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жаңа оқу жылының жарқын оқиғасы бірінші курс студенттерін Студенттік қатарға қабылдау салтанатты шарасы өтті. 

Ауқымды студенттік мерекеге биыл 7 мыңнан аса бакалавриатқа түскен бірінші курс студенттері келді. Олардың 6 мыңнан асасы мемлекеттік білім грантын иеленген үздік мектеп түлектері болса, қалған басым бөлігі «Алтын белгі» иегері, әртүрлі байқаулар мен халықаралық және республикалық олимпиада жеңімпазы.

Бұл – Қазақстанның жоғары білім беру тарихында ешқандай оқу орны қол жеткізбеген нәтиже. Саналы әрі үлкен мақсатқа толы талапкердің сапалы білім алуы үшін еліміздегі жетекші оқу орнын таңдауы аталмыш университетке деген жоғары сенімді білдіреді.

Ары қарай оқу >>

Тілдің мәртебесі – елдің мерейі

21.09.2018

«Тілдің мәртебесі – елдің мерейі» 

 21 қыркүйек 2018 жылы, сағат 15.00-де 16 аудиторияда «Тілдің мәртебесі – елдің мерейі» атты ашық кураторлық сағат өтті.

Ұйымдастырушы: биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының куратор-эдвайзері: Чилдибаева А.Ж., Назарбекова С.Т. және «Биология» мамандығының 2 курс студенттері

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

БІЗ Таза қала үшін!

10.09.2018

БІЗ Таза қала үшін! 

Алматы - біздің еліміздің оңтүстік астанасы! Алматы - еліміздің мәдени өмірі, ғылыми әлемі және жетекші университеттері шоғырланған мегаполис. Біздің университетіміздің профессорлары, оқытушылары және біздің университеттің барлық студенттері біздің тәніміз бен жанымыздың тазалығын қолдайды!

Бұл - біздің күні бойы оқып білім алатын, тынбай еңбек ететін үйіміз. Сондықтан біздің студенттеріміз университет пен қаланың қоғамдық тазалығына белсенді түрде қатысады. Қызметкерлермен, оқытушылармен қатар студенттер ҚазҰУ қалашығының аумағын және соған жақын аумақтарды тазартуға атсалысады. Университет аумағының тазалығы тұрғындардың денсаулығының кепілі болып табылады.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Рухани жаңғыру

15.05.2018

Биотехнология кафедрасында ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 1,2,3 курс студентермен сұқбаттасу өтті. Іс-шараның мақсаты - рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту, студенттердің бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. (Сыдықбекова Р.К., Бержанова Р.Ж., Мұқашева Т.Д., Бектілеуова Н.К, Өмірбекова А.A.).

Ары қарай оқу >>

Алматы қаласы ЖОО "TEDx" жобасына ұстаздар қатысты

14.05.2018

2018 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология жəне биотехнология факультеті, "Сұңқар" СмМ кәсіптік бюросының ұйымдастыруымен Алматы қаласы ЖОО "TEDx" жобасы өтті. Жоба әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанұлының "Al-Farabi 4.0" жобасы негізінде биология ғылымының салаларын қамтыды. 

Ары қарай оқу >>

Абай –Ұлы тұлға

14.05.2018

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінде “Абай –Ұлы тұлға” атты іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты ұлы ақынның өнегелі өмірімен таныстыру, шығармаларына шолу жасау, өлеңдерін, әндерін мәнерлеп айтқызу, студенттерді көркем сөйлеуге , өз бетімен іздене білуге , шығармашылықпен жұмыс істеуге көмектесу (Сыдықбекова Р.К., Бержанова Р.Ж., Мұқашева Т.Д., Бектілеуова Н.К, Өмірбекова А.A.).

Ары қарай оқу >>