Жаңалықтар

25 МАМЫР ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ 85 ЖЫЛДЫҒЫН ЖӘНЕ ТҮЛЕКТЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

25.05.2019

Бұл күні «Мәңгілік Ел» триумфалды аркасында курстастармен, педагогтармен кездесу, университет мерейтойына және Түлектер Қауымдастығының 25 жылдығына арналған түлектердің II форумы жұмысына қатысу үшін 2 мыңнан астам түлек жиналды.

Таңғы сағат 10-да олар «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасына жиналды. Мереке меценаттардың Құрмет тақтасының тұсаукесерімен басталып, әл-Фараби және Өмірбек Жолдасбековтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Содан кейін қонақтар студенттер сарайында ҚазҰУ-дың жетістіктері мен дамуы туралы фотокөрмемен танысты.

II Форумның салтанатты ашылуында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың атынан құттықтау сөз сөйледі. ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, ҚР Парламенті Сенатының аппарат басшысы Серік Сыдықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исимбаева, ақын және жазушы Олжас Сүлейменов, ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов, ҚР БҒМ департаментінің директоры Әділет Тойбаев, «Astana Group» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов және басқа да белгілі түлектер сөз сөйледі.

Кешке ҚазҰУ-дың Орталық алаңында 2019 жылғы түлектер балы өтті.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

 

Ары қарай оқу >>

БОТАНИКА ЖӘНЕ ФИТОИНТРОДУКЦИЯ ИНСТИТУТЫ ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ-ТІНІҢ 85 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАЙДЫ!

25.05.2019

Ботаника және фитоинтродукция институты әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-тінің 85 жылдық мерейтойымен құттықтайды !

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

 

Ары қарай оқу >>

"Сұңқар" шәкіртақы иелері

13.05.2019

Мамыр айының он үшінші жұлдызы күні ресми түрде "Сұңқар" студенттер мен магистранттар кәсіподағының студент-жастарды қолдауға арналған игі жобаларының кезектісі "Сұңқар стипендиясы" жобасының иегерлеріне ректорат мәжілісінде арнайы сертификат табысталды. Республика бойынша ең үздік кәсіподағымыздың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған "Сұңқар" стипендиясына әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың оқуда үздік, қоғамдық жұмыстарға белсенді 20 студенті ие болды. Стипендия иегерлерінің қатарында "Биоалуантүрлілік және биоресурстар" кафедрасының 3 курс студенті Идаят Нұрсәуле Иманмәдиқызы бар. Нұрсәулені өмір ағымындағы кезекті белесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

Мектеп оқушыларының сарайында кәсіптік бағдар беру жұмыстары жүргізілді

11.05.2019

2019 жылы 11 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің оқытушылары Алматы қаласы мектеп оқушыларының сарайында 6000-ға жуық жоғарғы сынып оқушыларына университеттің мамандықтары туралы кәсіптік – бағыт бағдар жұмыстарын жүргізді. Оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, ҰБТ жақсы тапсыруына сәттілік тіледі.

Авторы: Ерназарова Г.И., Турашева С.К., Нармуратова М.К.

Ары қарай оқу >>

Жылдың үздік студенті

10.05.2019

Министрліктер үйінде өткен студенттер мен ЖОО оқытушылық құрамына арналған "Қазақстан білім беруді жаңғырту жолында" атауындағы республикалық конференция және Назарбаев университетіндегі "Болашаққа қадам" атауындағы ғылыми конференцияға Биология және биотеxнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы, Ғылыми биология мамандығының 3 курс студенті Идаят Нұрсәуле қатысып қайтты. Конференцияда студент жастардың практикалық сауаттылығын арттыруға арналған Қазақстан университеттеріндегі зерттеу ісі лабораторияларының мүмкіншіліктері мен кемшіліктері турасында толыққанды мағлұмат берілді. "Болашаққа қадам" ғылыми конференция барысында дәріс-баяндама сабақтары мен тәжірибе жұмыстары Қазақстандағы білім беруді жаңғырту практиканың басымдылығымен жүзеге асатынын мойындатты. Сонымен қатар,  Идаят Нұрсәуле «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастыруымен «Қазақстан білім беруді жаңғырту жолында» атты республикалық конференцияда «Жылдың үздік студенті» атанды.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы

www.kaznu.kz

Ары қарай оқу >>

ENSAIA мектебімен ынтымақтастық кеңеюде

08.05.2019

ENSAIA жоғары мектебі мен Қазақ ұлттық университеті арасында 2018 жылы қол жеткізілген ERASMUS+ жобасының аясында Стефан Юрьянц пен Сирил Фейд сәуір айының басында Алматыда болды.

Ғылыми ынтымақтастықты нығайту мақсатында олар ҚазҰУ-дың көптеген факультеттерімен және биология және биотехнология факультетімен, сондай-ақ генетика және цитология Ғылыми-зерттеу Институтының және «Антиген» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының басшылығымен кездесті. Бұл компания жануарларға арналған вакциналар өндіру, жануарлар ауруларын алдын-ала диагностикалау, қоректік ортаны өндіру, түйе және бие сүттерін ашытуғар арналған стартерлік ұйытқы дақылдарын өндіру сияқты әртүрлі салаларда қызмет етеді. Қазақстан – әртүрлі тарихи себептермен ластанудың түрлі көздері (советтік ядролық сынақ полигонының радионуклидтері, металлургиялық зауыттардың ауыр металдары, мақта өндірісіне немесе ветеринарлық тәжірибемен байланысты хлорорганикалық пестицидтер немесе мұнай шикізатын өндіруге байланысты көмірсутектер) кездесетін, мал шаруашылығы жақсы дамыған ірі мемлекет. Стефан Юрьянц пен Сирил Фейд URAFPA үшін қызығушылық тудыратын тақырыптарды, атап айтқанда, «Микрополлютанттар және олардың тағам тізбегіндегі қалдықтары» (MRCA) осында тапты. Қазіргі уақытта осы зерттеу тобының мүшелері 3 қазақстандық докторанттың, соның ішінде SIRENA докторанттар мектебінде оқып жатқан Фарида Амутованың да зерттеу жұмысына жетекшілік етуде. Аталған кездесулерден басқа, Стефан Юрьянц пен Сирил Фейд ҚазҰУ студенттері және оқытушылары мен зерттеушілері алдында конференция түрінде сұхбат берді және ENSAIA тартымдылығын арттыру үшін Нансиде оқытылатын магистранттарға арналған төрт курстарды ұсынды.

2007 жылы басталған Қазақстанмен ынтымақтастық Стефан Ююрянстың көптеген жемісті алмасулар, ғылыми жобалар мен студенттер мен докторанттарға жол тартқаны көрінеді. Студенттермен алмасу осы қарым-қатынасты одан әрі нығайтады.

http://ensaia.univ-lorraine.fr/telechargements/croqinfos_434.pdf

Ары қарай оқу >>

URAFPA (Лотарингия университеті, Франция) профессорлары ҚазҰУ-да

02.05.2019

Лотарингия университеті мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті арасындағы Erasmus+ Жобасының аясында Стефан Юрьянц және Сирил Фейд Алматыға келді.

Сапар барысында олар университеттің көптеген қызметкерлерімен және лауазымды адамдарымен, әсіресе, биология және биотехнология факультетімен ғылыми ынтымақтастықты нығайту үшін кездесті. Қазақстан әртүрлі тарихи себептерге байланысты ластанудың түрлі көздермен бетпе-бет келіп жүрген (кеңестік ядролық сынақ полигонының салдары ретінде радионуклидтермен, металлургия зауыттарына байланысты – ауыр металдармен, мақта өндірумен немесе ветеринарлық тәжірибеге орай лорорганикалық пестицидтермен, және мұнай өндірумен байланысты көмірсутектермен) азық-түлік өнімдерінің ластану мәселесі алдында тұрған малшаруашылығымен айналысатын үлкен ел болып табылады. Бұл мәселелер «Микроластағыштар мен олардың тағам тізбегіндегі қалдықтары» зерттеу тобының негізгі  ғылыми бағыты, осы орайда олардың Қазақстандық үш докторанттың шетелдік ғылыми жетекшісі екенін айта кету керек, олардың бірі SIRENA докторантурасында оқитын Фарида Амутова.

Профессорлар, сондай-ақ конференцияда баяндама және семинарлар түрінде студенттермен кездесулер өткізді, Лотарингия университетінің Қазақстандық студенттерге тартымдылығын күшейту және екі жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында, Нансиде оқытылатын 4 магистрлік бағдарламаларды ұсынып, таныстырды.

http://www.urafpa.fr/index.php/actualites

Ары қарай оқу >>

Назарбаев зияткерлік мектебінде өткізілген пәндік олимпиадаға биотехнология кафедрасының ұстаздары әділ-қазылық жасады

30.04.2019

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, биотехнология кафедрасының ұстаздары Назарбаев зияткерлік мектебінде өткізілген пәндік олимпиадаға әділ-қазылық жасады.  Жоғарғы дайындықпен келген үздік озат оқушылар берілген тапсырмаларды орындап өткізді. Оқушылардың алғырлығы және білім деңгейлерін бағалау жюри мүшелеріне үлкен сын болды. Олимпиада соңында жүзден жүйрік алғыр оқушылар анықталып бағалау мәресіне жетті. Біз жюри мүшелері болашағынан үміт күттіретін ертеңгі Еліміздің тәуелсіздік тізбегін нық ұстайтын білімді жігерлі жастарға сәттілік тілейміз. Назарбаев Зияткерлік мектептің ұстаздар қауымына да алғыс білдіреміз. Біздің еліміздің барша жастары еліміздің ерені боларына кәміл сенеміз.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Тұрашева С.К., Нармұратова М.К.

Ары қарай оқу >>

Биотехнология кафедрасының ұстаздары Атакент алаңында өткізілген Халықаралық кәсіптік-бағыт бағдар беру көрмесіне қатысты

30.04.2019

2019 жыл сәуір айында биотехнология кафедрасының ұстаздары Атакент көрме алаңында өткізілген Халықаралық кәсіптік-бағыт бағдар беру жұмысына қатысып, жоғарғы сынып оқушыларының сұрақтарына жауап беріп, университетіміздің мамандықтары бойынша ақпараттар берді. Атакент алаңындағы жұмыс күні 3 күнге жалғасты. Осы күндер аралығында университетіміздің кәсіптік бағыт-бағдарға жауапты ұстаздары кезекшілікпен қатысты.

Авторлар: Ерназарова Г.И., Кистаубаева А.С., Тұрашева С.К., Нармұратова М.К.

Ары қарай оқу >>