25 МАМЫР ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ 85 ЖЫЛДЫҒЫН ЖӘНЕ ТҮЛЕКТЕР КҮНІН АТАП ӨТТІ

25.05.2019

Көрулер: 1441

Бұл күні «Мәңгілік Ел» триумфалды аркасында курстастармен, педагогтармен кездесу, университет мерейтойына және Түлектер Қауымдастығының 25 жылдығына арналған түлектердің II форумы жұмысына қатысу үшін 2 мыңнан астам түлек жиналды.

Таңғы сағат 10-да олар «Мәңгілік ел» салтанатты қақпасына жиналды. Мереке меценаттардың Құрмет тақтасының тұсаукесерімен басталып, әл-Фараби және Өмірбек Жолдасбековтың ескерткіштеріне гүл шоқтарын қоюмен жалғасты. Содан кейін қонақтар студенттер сарайында ҚазҰУ-дың жетістіктері мен дамуы туралы фотокөрмемен танысты.

II Форумның салтанатты ашылуында Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек Мемлекет басшысы Қасымжомарт Тоқаевтың атынан құттықтау сөз сөйледі. ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов, ҚР Парламенті Сенатының аппарат басшысы Серік Сыдықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің вице-спикері Гүлмира Исимбаева, ақын және жазушы Олжас Сүлейменов, ішкі істер вице-министрі Рашид Жақыпов, ҚР БҒМ департаментінің директоры Әділет Тойбаев, «Astana Group» компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов және басқа да белгілі түлектер сөз сөйледі.

Кешке ҚазҰУ-дың Орталық алаңында 2019 жылғы түлектер балы өтті.

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы