Жылдың үздік студенті
Көрулер: 2124
Министрліктер үйінде өткен студенттер мен ЖОО оқытушылық құрамына арналған "Қазақстан білім беруді жаңғырту жолында" атауындағы республикалық конференция және Назарбаев университетіндегі "Болашаққа қадам" атауындағы ғылыми конференцияға Биология және биотеxнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы, Ғылыми биология мамандығының 3 курс студенті Идаят Нұрсәуле қатысып қайтты. Конференцияда студент жастардың практикалық сауаттылығын арттыруға арналған Қазақстан университеттеріндегі зерттеу ісі лабораторияларының мүмкіншіліктері мен кемшіліктері турасында толыққанды мағлұмат берілді. "Болашаққа қадам" ғылыми конференция барысында дәріс-баяндама сабақтары мен тәжірибе жұмыстары Қазақстандағы білім беруді жаңғырту практиканың басымдылығымен жүзеге асатынын мойындатты. Сонымен қатар, Идаят Нұрсәуле «Білім өркениеті» ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығы ұйымдастыруымен «Қазақстан білім беруді жаңғырту жолында» атты республикалық конференцияда «Жылдың үздік студенті» атанды.
Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасы
www.kaznu.kz