Жаңалықтар

Академиялық ұтқырлық бойынша кездесу

27.02.2020

17-26 ақпан 2020 жыл аралығында Көкшетау қаласындағы Ш. Уәлиханов атындағы КМУ "Биология және ОӘ"  2 курс магистранттары академиялық мобильділік бойынша биология және биотехнология факультетінде тағылымдамадан өту барысындағы  б.ғ.д., профессор  Н.М. Мухитдинов, профессор Ә. Әметов, доцент Н.З. Ахтаева, б.ғ.к., А.Т. Мамуровамен кездесіп ғылыми бағыттарымен танысты.

Ары қарай оқу >>

«Шаруашылықты жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік мекеме клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу мен қатар сертификациялау және биобақылау жүргізу орталық зертханасы» басшысымен кездесу

27.02.2020

11.02.2020 жылы биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының 535 аудиториясында «Шаруашылықты жүргізу құқығындағы Республикалық Мемлекеттік мекеме клиникаға дейінгі зерттеулер жүргізу мен қатар сертификациялау және биобақылау жүргізу орталық зертханасы» басшысымен кездесу өтті. Зертхана келесі бағыттардың жүргізілуін қамтиды: медицина, фармакология, фармация, токсикология, биотехнология, физиология, биохимия, экология сынды салалар бойынша зерттеулер жүргізеді, сонымен қатар биологиялық белсенді заттар мен жаңадан қолданыс тапқан дәрілік заттарды клиникаға дейін зерттеумен де айналысады, медицинаға, мал шаруашылығына, ветеринария және экология зиян келтірмейтін жаңа тиімді технологияларды жасап шығарумен қатар өндіріске енгізумен айналысады. Клиникаға дейінгі зерттеулер кезінде еліміздің түрлі аймағында өтетін зерттеулердің адам өміріне және экологияға зиян тимеуін биобақылау және мониторинг жүргізу. Жалпы мекеме биохимиялық, гематологиялық, жалпыклиникалық, иммунохимиялық әдістерді қолдана отырып 200 ден астам зертханалық зерттеулер жүргізеді. Мекеменің патогендермен жұмыс істеуге және медициналық диагностика жүргізуге арналған лицензиясы да бар.

Ары қарай оқу >>

"Жасымда ғылым бар деп ескермедім..." атты қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына арналған мерекелік іс-шара

26.02.2020

Биыл халқымыздың ұлы перзенті,  қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы ауқымды түрде аталып өтуде.  Соған орай әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология және  Биотехнология факультеті,  Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының  3 курс студенттері мен профессор Сапаров Қ.Ә.  жетекшілігімен "Жасымда ғылым бар деп ескермедім..." деген тақырып аясында әдеби- шығармашылық кеш өткізді.  "Абай Құнанбайұлы ғұлама, ойшыл, ақын, ағартушы, ұлттың жаңа әдебиетінің негізін қалаушы, аудармашы, композитор ретінде ел тарихында өшпес із қалдырғаны сөзсіз. Оның өлеңдері мен қара сөздерінде ұлт болмысы, бітімі, тұрмысы, тіршілігі, дүниетанымы, мінезі, жаны, діні, ділі, тілі, рухы көрініс тауып, кейін Абай  әлемі деген бірегей құбылыс ретінде бағаланды".  "Мектеп оқушыларынан ел азаматтарына, тіпті, әлемдік деңгейдегі танымал тұлғаларға дейін зор қызығушылық танытып, лезде іліп әкеткен бұл бастама бірнеше айға ұласты. Соның арқасында бүкіл Қазақстан Абай мұрасын тағы бір зерделеп шықты. Бұл – Абайға деген құрмет әрі ұрпақты тәрбиелеудің тиімді тәсілі. Мерекелік іс-шарага кафедрамыздың меңгерушісі Құрманбаева М.С;  оқытушылары: доцент Аметов А.А, Манкибаева С.А; Абдуллаева Б.А; Корбозова Н.К; Елтай Г.Е; Зорбекова А.Н; Тілешова М.Т; Мауленова С.С; Қонысбаева А.А, Басыгараев Ж.М қатысты.

Ары қарай оқу >>

Smart Green House жылыжайына Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистранттарына экскурсия жүргізілді

25.02.2020

2020 жылдың 25 ақпанында биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы, PhD Әлібек Ыдырысұлы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен академиялық мобильділік бойынша келген магистранттарға Жасыл технологиялар орталығына, Smart Green House жылыжайына экскурсия жүргізді. Экскурсия барысында магистранттар жылыжай жағдайында өсімдіктерді өсіру технологияларымен танысты.

 

Ыдырыс А.,

Малибаева А.Е.,

Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушылары

Ары қарай оқу >>

«Фитобиотехнологияның замануи бағыттары» тақырыбында іс шара

24.02.2020

23 ақпан 2020 жылы сағат 20.00-де Биология және биотехнология факультетінің студенттерінің қатысуымен ҚазҰУ-дің № 7 жатақханасының конференц-залында іс-шара өткізілді. «Айналандыр-Нұрландыр» бағдарламасы шеңберіндегі «Фитобиотехнологияның заманауи бағыттары мен әдістері» тақырыбында дәріс өткізілді.

       Шараны өткізу мақсаты: Студенттердің фитобиотехнологияның серпінді технологиялар туралы қазіргі заманғы түсініктерін қалыптастыру, медицинада, ауыл шаруашылығында, және т. б. фитобиотехнологияның кең мүмкіндіктері туралы түсініктерін қалыптастыру.

           Студенттерімен бірге биотехнологияның заманауи бағыттарына, медициналық, ауыл шаруашылығы, экологиялық және басқа да фитобиотехнологияның бағыттарына арналған дәріс өткізілді. Студенттер негізгі баяндамадан кейін мамандық таңдаудың себептері, өз үміттері мен болашағы туралы айтты, таңдаған мамандығының артықшылықтары туралы пікірлерімен бөлісті.

         Ұйымдастырушы оқытушылар: профессор Атабаева С.Д., б.ғ.к., доцент, профессор м.а. Асрандина С.Ш.

Ары қарай оқу >>

Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің магистранттары академиялық мобильділік бойынша тағылымдамадан өтуде

21.02.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті, биология және биотехнология факультеті, биофизика және биомедицина кафедрасына 17.02.2020-26.02.2020 аралығында, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінен академиялық  мобильділік бойынша магистранттар келді. Осы аралық уақытында магистранттар биофизика, адам және жануарлар физиологиясы, биологияны оқыту әдісі атты пәндердің дәрістеріне, лабораториялық сабақтарына қатыстып, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайына барды.

Тулеуханов С.Т.

Аблайханова Н.Т.

Малибаева А.Е.

Ары қарай оқу >>

ХАБАРЛАНДЫРУ ҚҰРМЕТТІ 3-4 КУРС СТУДЕНТТЕРІ!

21.02.2020

28.02.2020 ж. сағат 16.00-де (521 каб) "Биотехнология" мамандығы бойынша Республикалық студенттік пәндік олимпиадасының жоғары оқу орны ішілік іріктеу кезеңі өтеді.

Қатысу үшін алдын ала хатшыға жазылу керек:

Какимова Ардақ Болатқызы (501каб)

Ары қарай оқу >>

«5th ISESCO-COMSATS-INIT International Conference on "Agriculture, Biotechnology and Food Security» атты халықаралық конференция

20.02.2020

2019 жылдың 03-07 қараша аралығында профессор Заядан Б.Қ. Тунис Республикасы, Монастир қаласында орналасқан Биотехнологиялық орталықта өткен «5th ISESCO-COMSATS-INIT International Conference on Agriculture, Biotechnology and Food Security» атты конференцияға қатысты. 

Ары қарай оқу >>

2019 жылғы «Университеттің үздік оқытушысы» сыйлығының жеңімпаздары

19.02.2020

Биотехнология кафедрасының оқытушылары жыл сайын Республикалық «Үздік ЖОО оқытушысы» байқауына қатысады және үміткерлердің бәрі жеңіске жетеді - бұл кафедрада жоғары білікті оқытушылар құрамы жұмыс істейтінінің дәлелі.

Осы жылдың үздік оқытушылары б.ғ.к., доценттер Садуақасова А.К. және Турашева С.К. құттықтаймыз. Бұл сыйлық әлемнің жетекші университеттерінде біліктілікті арттыруға, халықаралық конференцияларға қатысуға, оқулықтар шығаруға және импакт-факторы бар мақала жариялауға мүмкіндік береді.

Құрметті ұстаздарымызға шығармашылық табыстар тілейміз!

кафедра меңгерушісі Кистаубаева А.С., б.ғ.к., Мелдебекова А.А.

Ары қарай оқу >>

URAFPA-мен (Лотарингия университеті, Франция) ынтымақтастық жалғасуда

18.02.2020

ҚазҰУ биология және биотехнология факультетінің 2-курс докторанты Жанар НАРМУРАТОВАның диссертация жұмысына Мейрамкүл Нармұратова (ҚазҰУ) және Селин Чакир-Кифер (UL) жетекшілік етуімен URAFPA бөлімінде 2020 жылдың 27 қаңтарынан 10 шілдеге дейін шетелдік ғылыми тағылымдамадан өтіп жатыр.

https://www.urafpa.fr/ressources/actualites/trio_zhanar.jpg

https://www.urafpa.fr/index.php/actualites

Ары қарай оқу >>