Жаңалықтар

Тәрбиелі ұрпақ – ұлт болашағы

06.04.2020

Биофизика және биомедицина кафедрасының куратор-эдвайзерлері Қожахметова А.Н., Кулбаева М.С., Сраилова Г.Т., және студенттері «Тәрбиелі ұрпақ – ұлт болашағы»  атты іс-шара өткізді.

Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екені баршамызға белгілі. Сондықтан жастарды ізгілікке, имандылыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке, ізеттілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында бұл іс-шара 27.02.2020 ж., сағат 15.00-де, 435 аудиторияда ұйымдастырылды.


Ары қарай оқу >>

"5В070100-БИОТЕХНОЛОГИЯ" МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

05.04.2020

2020 жылдың 27 наурызында әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті биотехнология кафедрасының базасында Жоо студенттері арасында "5В070100 - Биотехнология" мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Олимпиада қашықтықтан Zoom платформасында бейнеконференция форматында өтті. "Биотехнология" мамандығы бойынша қашықтықтан өткізілген олимпиадаға республиканың  7 ЖОО-нан 13 команда қатысты.

Биология және биотехнология факультетінің студенттері мен командалары жүлделі орындарға ие болды!!!

 

I дәрежелі диплом - "Рудимент" командасы - Ведяшкина Наталья, Умбетова Линара, Кокшаров Дмитрий

Ғылыми жетекшісі - Игнатова Людмила Викторовна 

 

II дәрежелі диплом - "LabMasters" командасы - Заманова Зере, Худайбергенова Айнура, Ержан Арайлым

Ғылыми жетекшісі - Бауенова Меруерт Өмірбайқызы

 

III дәрежелі диплом - «B.cereus» командаcы - Сағынбай Шыңғысхан Ерболатұлы, Ернайманова Бота, Райдинова Амина Тахиржановна

Ғылыми жетекшісі -  Омирбекова Анель Адилевна

Ары қарай оқу >>

Шығыстың ғұламасы – Әбу-Насыр әл-Фараби

02.04.2020

5 наурыз 2020 жылы биология және биотехнология факультетінің биофизика және биомедицина кафедрасында ғалым-философ Әбу Насыр Әл – Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Шығыстың ғұламасы – Әбу-Насыр әл-Фараби» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шарада күллі түркі жұртының мақтанышы, ғалым-философ Әбу Насыр Әл – Фарабидің өмір жолдары туралы бейнежазба көрсетіліп, студенттердің арасында топтық жұмыс орындалды. Шара барысында 3 курс студенті Серік Алтынай Мухатр Шахановтың «Арман» атты өлеңін мәнерлеп оқыды.

Аталған іс-шараны биофизика және биомедицина кафедрасының доценті Абылайханова Н.Т. және кафедра оқытушылары Есенбекова А.Е., Сайдахметова А.Қ., Үсіпбек Б.А. ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

«5В060700-Биология» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада-2020

30.03.2020

2020 жылдың 26 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жоғары оқу орындарының студенттері арасында «5В060700-Биология» мамандығы бойынша Республикалық пәндік олимпиада өтті. Осы жылы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты олимпиада қашықтықтан Zoom платформасында бейнеконференция форматында өтті. «Биология» мамандығы бойынша қашықтықтан өткізілетін олимпиадаға ҚР 8 ЖОО-нан 14 команда қатысты. Біздің университеттің командалары жүлделі 1, 2 және 3 орындарға ие болды.

 

Қожахметова А.Н.

биофизика және биомедицина кафедрасының аға оқытушысы

Ары қарай оқу >>

ТҮРКИЯДА ӨТКІЗІЛГЕН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНГРЕСІ

25.03.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  Биология және Биотехнология факультеті, биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының б.ғ.к., аға оқытушысы Шалгимбаева С.М. 2019 жылы 17 - 20 қазан аралығында Түркияда өткен Ауыл шаруашылығы және Жаратылыстану ғылымдарының III Халықаралық конгресіне қатысып «Төменгі Жайық өзеніндегі көксерке популяциясының сипаттамасы» тақырыбында постерлік доклад қорғады.

Бұл жұмысты бір топ ғалымдар жүзеге асырды: КазЭкопроекттен - Николай Попов, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дан - Сәуле Шалгимбаева, Гаухар Джумаханова мен Жанар Омарова және Қазақ-Неміс университетінен - Найля Ибрагимова.

б.ғ.к, доцент Шалгимбаева Сауле Мухаметкалиевна 

Джумаханова Г.Б. 

Биоалуантүрлілік және юиоресурстар кафедрасы


Ары қарай оқу >>

КАТАР РЕСПУБЛИКАСЫ ДОХА ҚАЛАСЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМҒА ҚАТЫСҚАН ЖАС ЗООЛОГ

19.03.2020

Бижанова Назерке, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының оқытушысы және Зоология Институтының кіші ғылыми қызметкері, қазіргі уақытта, PhD докторант, Катар Республикасы, Доха қаласында өткен Doha Islamic Youth Forum 2019 халықаралық форумына қатысты. Форум үш тақырыпқа арналды: Басқару, Тұрақты даму және Әлеуметтік желілерді пайдалану. Форумда өткен пікірталастарда Назерке Қазақстандағы жас ғалымдар кездестіретін мәселелер туралы және бұл проблемалар форум аясында талқыланатын мәселелермен тікелей байланысты екенін айтты.

Назерке мұндай үлкен шараға қатысып, өз елін, Қазақстанды таныстыру ол үшін үлкен мәртебе екенін айтты. Форумға қатысу үшін 9 600 үміткерден 57 OIC елдерінің 90-ға жуық қатысушы іріктеліп алынды.

«Біз тиімді басқару, тұрақты дамудың мақсаттары мен жастардың білім беру мен оқудағы мүмкіндіктерін кеңейту, әлеуметтік желілерді пайдалану сияқты маңызды мәселелерді талқыладық. Іс-шаралар сарапшылардың дәрістерінен басталды, одан кейін барлық қатысушылар ми шабуылына арналған сессиялар мен пікірталастарға қатысты. Семинарлар өте қызықты ұйымдастырылды, онда біз алдында айтылған маңызды мәселелерді шешу идеяларын ұсындық.

Форумның үшінші күні Мәдениет және спорт министрі келіп, бізбен пікірталас өткізді.

Организаторлар бізді Ұлттық кітапханаға, әйгілі Aspire спорт академиясына, Ұлттық мұражайға және Қатар Республикасының Орталығына бару секілді жерлерге апарып, Қатар мәдениетімен таныстырды. Мен Қатар Ресупбликасында бірінші рет барып тұрмын, және оның астанасының инфрақұрылыммен, ерекше және кең ғимараттармен, қалада тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асырудың мысалдарымен таңқалдым, әрі бастысы – осы шараны ұйымдастырушылардың қонақжайлылығымен ризамын».

«Соңғы екі күнде ICYF және Катар Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастырған OIC модельдік саммитіне өз үлестерімізді қостық деп ойлаймын. Мен осы форумда кездестірген барлық қатысушыларға жақсылық тілеймін және біз тағы да кездесеміз деп сенемін», - деді Назерке.

Назерке Бижанованың пікірінше, форумның барлық қатысушылары қабылдаған көптеген шешімдер Қазақстанда қолданылуы керек, және ол бұған қол жеткізу үшін, атап айтқанда тұрақты даму және қоршаған ортаны қорғау саласында қол келгенше көп жұмыс жасауға тырысады.

 

Ары қарай оқу >>

ДОКТОРАНТ БИЖАНОВА НАЗЕРКЕНІҢ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН ТҮРКІСТАН СІЛЕУСІНІ ТУРАЛЫ ЖОБАСЫ RUFFORD SMALL GRANTS ГРАНТТАРЫНАН ҚАРЖЫЛАНДЫРЫЛДЫ!

18.03.2020

Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының PhD докторанты Бижанова Назерке Әлімқызы Rufford Small Grants ғылыми грантын жеңді. Докторлық диссертация аясында бұл жоба Солтүстік Тянь-Шаньдағы Түркістан сілеусін (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) популяциясының жағдайын зерттеуге және осы сирек кездесетін жыртқышқа шектеуші әсер ететін факторларды анықтауға арналған. Бижанова Назерке осы сирек кездесетін мысықты зерттеу туралы инициатива бастап, зерттеу тобының жетекшісі ретінде басқаруда.

Жобаның тақырыбы: «Солтүстік Тянь-Шаньның Қазақстан бөлігінде мекендейтін Түркістан сілеусінінің популяциясы және сақталу жағдайы (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847)» / «Population and conservation status of the Turkestan lynx (Lynx lynx isabellina Blyth, 1847) in the Kazakh part of the Northern Tien Shan».

Жұмыста дәстүрлі зоологиялық және қашықтықтан зерттеудің әдістері, атап айтқанда, фотоқақпандар қолданылады. Зерттеу үш ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізілетін болады: Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алматы мемлекеттік табиғи қорығы және Көлсай Көлдері ұлттық табиғи паркі.

Жобаның аясында ғылыми-зерттеу тобы сілеусіннің мекендейтін жерлерінің деградациясы мен бөлінуі, браконьерлік, тағам нысандары санының азаюы сияқты негізгі қауіптерді ескере отырып, жоба аясында зерттеу тобы зерттеу жасап, зерттеу нәтижелерін қорғау стратегиясын жасау үшін пайдаланылады; қорғалатын табиғи аумақтардың желілерін жақсарту және оларды басқарудың тиімділігін арттыру; білім беру мақсатында және осы ірі жыртқыш мекендейтін жерлерде тұратын жергілікті тұрғындардың хабардарлығын арттыру үшін пайдаланады.

Зерттеу тобы 7 зерттеушіден тұрады:

1. Бижанова Назерке – Зоология Институтының Териология бөлімінің кіші ғылыми қызметкері, оқытушы және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты;

2. Грачев Алексей – Зоология Институтының Териология бөлімінің меңгерушісі, «Wildlife Without Borders» қорының негізін қалаушы;

3. Кантарбаев Санжар – Зоология Институтының Териология бөлімінің ғылыми қызметкері, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ PhD докторанты;

4. Байдавлетов Ерлик – Зоология Институтының Териология бөлімінің ғылыми қызметкері;

5. Грачев Юрий – Зоология Институтының Териология бөлімінің жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты;

6. Сапарбаев Салторе – Зоология Институты Териология бөлімінің және Алматы мемлекеттік табиғи қорығы ғылыми қызметкері;

7. Беспалов Максим – Ассистен және дала менеджері.

Жоғарыда аталған барлық қатысушылар тәжірибелі және білімді териологтар.

 Биоалуантүрлілік және биоресурстар бөлімі Бижанова Назерканы осы жетістікпен құттықтайды және оған одан да күшті жетістіктер тілейді!

 

Ары қарай оқу >>

"ТАРИХ, АРХЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ЭТНОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІМЕН КЕЗДЕСУ"

17.03.2020

"Қайырымды қоғам" жобасы аясында 27 ақпан 2020 жылы сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы тарих, археология және этнология факультетінің студенттерімен кездесу өткізіп, "Қайырымдылықтың физиологиялық негіздері" тақырыбында танымдық дәріс оқыды. Кездесуді тарих, археология және этнология факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ноғайбаева Меңдігүл Сағатқызы ашып берді.

Дәріс барысында Сұлтан Төлеуханұлы Қайырымдылық ізгіліктің анық көрінісі екендігін, қазіргі уақытта жалпыадамзаттық құндылықтар ретінде қайырымдылықтың мәні, адамдар арасындағы қарым-қатынастарға мейірімділік, өнегелілік тұрғысынан қараудың маңыздылығын айрықша атап өтті. Әбу Насыр әл-Фараби бабамыз өзінің «Қайырымды қала тұрғындары көзқарастары» атты трактатында: «Әрбір адам екінші адамның өмір сүруіне қажетті үлесін беретін, бір-біріне көмектесетін адамдарды біріктіру арқылы ғана табиғатына сай жетілу дәрежесіне ие бола алады. Бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отыратын халық – қайырымды халық. Егер халықтар бақытқа жету мақсатымен бір-біріне көмектесіп отырса, бүкіл ғалам қайырымды болмақ», – деп жазып көрсеткен болатын.

  

Төлеуханов С.Т.

биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі,

Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушыcы

 

Ары қарай оқу >>

ТӘРБИЕЛІ ҰРПАҚ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

16.03.2020

Биофизика және биомедицина кафедрасының куратор-эдвайзерлері Қожахметова А.Н., Кулбаева М.С., Сраилова Г.Т., және студенттері «Тәрбиелі ұрпақ – ұлт болашағы»  атты іс-шара өткізді.

Ұлт тағдыры – ұрпақ қолында екені баршамызға белгілі. Сондықтан жастарды ізгілікке, имандылыққа, инабаттылыққа, кішіпейілділікке, ізеттілікке, салауаттылыққа тәрбиелеу мақсатында бұл іс-шара 27.02.2020 ж., сағат 15.00-де, 435 аудиторияда ұйымдастырылды.

 

Ары қарай оқу >>

Молекулалық биология және генеитика кафедрасының студенттері мен оқытушылары «ҚАЙЫРЫМДЫ ҚОҒАМ» челленджіне өз үлесін қосты

12.03.2020

2020 жылдың 28-29 ақпанында, «Қайырымды қоғам» республикалық челлендж аясында мұқтаж жандар үшін заттар жинау ұйымдастырылды. Балалар мен ересектерге арналған киімдер, кітаптар, ойыншықтар жиналды. Заттар «Жылу» әлеуметтік қайырымдылық жобасына жіберілді, ал жобаныц жүзеге асырушылар алынған заттарды әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға, балалар үйлеріне және әлеуметтік көмек орталықтарына бағыттады (https://teplocharity.kz/).

Ұйымдастырушылар - кафедра меңгерушісінің орынбасары, куратор-эдвайзер, PhD Ловинская А.В., биология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Шалахметова Г.А., «Биотехнология» мамандығының 2 курс студенттері БТ-50р, БТ-51р, БT-52р. 

#alfarabiqaiyrymdyqoǵam#AlFarabiQQ 

Ары қарай оқу >>