«5th ISESCO-COMSATS-INIT International Conference on "Agriculture, Biotechnology and Food Security» атты халықаралық конференция

20.02.2020

Көрулер: 1661

2019 жылдың 03-07 қараша аралығында профессор Заядан Б.Қ. Тунис Республикасы, Монастир қаласында орналасқан Биотехнологиялық орталықта өткен «5th ISESCO-COMSATS-INIT International Conference on Agriculture, Biotechnology and Food Security» атты конференцияға қатысты. Конференцияның басты демеушісі – Оңтүстік-Оңтүстік пен Солтүстік-Оңтүстік ынтымақтастығын нығайту және техникалық ноу-хау алмасуды қамтамасыз етуші CОМSАТS ұйымы болды.

         Конференцияның пленарлық бөлімінде д.б..н., профессор Заядан Б.Қ. «Future biofuel from algae and cyanobacretia» тақырыбында баяндама жасады. Биотехнологиялық орталықта Монастир университетінің президенті, профессор Mohamed Ben Amor және араб аймақтарының координаторы доктор Jalila Ben Salah-ABBES кездесті. Сонымен қатар, профессор Заядан Б.Қ Каирдегі Америка университетінің профессоры, б.ғ.д., Mohamed FARAG кездесуде биотехнология бағыттында бірлескен жоба жасаудың мүмкіндіктері жайында сөз қозғады.

        Конференцияда COMSATS ұйымына мүше елдер арасындағы биотехнология жағдайы, осы саланың соңғы ғылыми жетістіктері мен жаңалықтары жайында талқылаулар жүргізілді.