Жаңалықтар

Психология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Жігітбековамен кездесу

11.03.2020

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінің №7 студенттер үйінде молекулалық биология және генетика кафедрасының куратор-эдвайзерлері студенттермен достық атмосфераны құру, мазасыздықты азайту, топта өзара әрекеттесуді ұйымдастыру, студент өздерін, жақсы жақтарын көрсету мәселелері жайында тәрбие сағатын өткізді. Шақырылған қонақ - психология ғылымдарының кандидаты, доцент Б.Жігітбекова

         Кештің мақсаты - студенттердің психикалық көңіл-күйлерін көтеру, шығармашылық қабілеттерін бағалай білу, өздеріне құрметпен  қарау, стресстен арылу, өз орталарында сыйластық қарым-қатынас орнатуды талқылау.

         Осы орайда студенттер өздерінің білім алып жүрген мамандықтарын жүрек қалауымен таңдады ма, әлде басқалай сыртқы факторлар әсері болды ма, міне осы жайында ойларымен бөлісті. Бұл кездесу студенттердің психикалық көңіл-күйлерін көтеруге, өз бойларындағы шығармашылық қабілеттерін бағалай білуге, өз-өзіне құрметпен қарауға, бір-бірімен сыйластық қарым-қатынаста болуға, стресстен арылуға арналған.

         Кездесуге қатысқан студенттер мен оқытушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына ауқымды жауап ала білді.

Ұйымдасттырушылар – Жунусбаева Ж.К., Байсеитова С.К., Сербаева А.Д., Шәлтенбай Г.Н., Жигитбекова А.Д. 

 

Ары қарай оқу >>

Биотехнология кафедрасының ұйымдастырылуымен өткізілетін «Биотехнология – болашақтың ғылымы» атты тәрбие сағаты

10.03.2020

28 ақпан 2020 жылы сағат 17.00-де Биология және биотехнология факультетінің биотехнология кафедрасының 3-курс студенттерінің қатысуымен ҚазҰУ БАЗ 3 залында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты:  Биотехнология ғылым саласынысының жетістіктері мен заманауи әдістерін студенттер жоба ретінде қорғау. Студенттердің биотехнологияның қазіргі заманғы түсініктерін қалыптастыру, ой-өрісін дамыту, адамгершілікке, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Ұйымдастырушылар: Кафедра меңгерушісі: б.ғ.к.,­ доцент Кистаубаева А.С., PhD, аға оқытушы Сарсекеева Ф.К., оқытушылар, PhD, Мәлік А.М., Төкен А.И., Қарабаева І.Ж.

 

Ары қарай оқу >>

Студенттерді Өсімідіктер Биологиясы және биотехнологиясы институтында жүргізілетін зерттеулердің негізгі бағыттарымен таныстыру

09.03.2020

26 ақпанда студенттер ҚР БҒМ ҒК Өсімідіктер Биологиясы және биотехнологиясы институтында ж.ргізілетін ғылыми зерттеулердің негізгі бағыттарымен танысып, оларды аталған оқу орнында тәжірибеден өтуге шақырды.

Ұйымдастырушы: Биотехнология кафедрасының профессоры, доцент Турашева С.

Ары қарай оқу >>

Докторанттың халықаралық тағылымдамасы

06.03.2020

Биотехнология кафедрасының докторанты Жанар Нармұратова Лотарингия университеті, жануарларды және жануар өнімдерін функционалды зерттеу бөлімінде (UR AFPA) бие сүтінен алынған биологиялық белсенді пептидтердің қасиеттерін зерттеумен айналысуда.

Фотода: доктор Жан-Мишель Жирардемен.

Ары қарай оқу >>

«әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлар коллекциясының каталогы» тұсау кесері өтті!

04.03.2020

27.02.2020 жылы Биология мұражайының көрме залында мұражайдың бас маманы Қ.С.Мұсабековтың «Рухани жаңғыру аясында» жазылған «әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Биология мұражайындағы омыртқалы жануарлар коллекциясының каталогы» (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) тұсау кесері өткізілді!

Қ.С.Мұсабековтың бұл кітабы «Қазақ университеті» баспа үйінде 2019 жылы жарыққа шықты. Кітап үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) жазылған және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті биология мұражайындағы омыртқалы жануарлар коллекциясының каталогы» жануарлардың бірегей коллекциялық қорын көп жылдар бойы зерделеп жасалған еңбек. Биологиялық мұражайдың коллекциялық қоры үлкен ғылыми және білімдік мәнге ие, оның басты мақсаты Қызыл кітапқа енгізілген жануарларды қорғау болып табылады.

Биология және биотехнология факультеті, Биоалуантүрлілік және биоресурттар кафедраcы,

Оқытушы: Джумаханова Г.Б.

Ары қарай оқу >>

Ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойы

03.03.2020

2020 жылы Қазақстанда ғалым, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өтеді, мерейтойды дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы тиісті Жарлыққа Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Қазақстанда ірі оқу орны-Қазақ ұлттық университеті, оның аумағында Ұлы философтың құрметіне аталған кітапхана бар. Біз осы биология және биотехнология факультетінің ББ18-07 тобының студенттері Ұлы бабамыздың құрметіне ашық шара өткізді. Әл-Фарабидің 1150 жылдығы ЮНЕСКО қамқорлығымен 2020 жылы халықаралық ауқымда атап өтіледі.

Куратор-эдвайзер: Елтай Гульмира Есенкызы, және ұстаздарға Сандуғаш Аманжолқызы Манкибаева, Назым Құрманбайқызы Корбозоваға жеке алғысымызды білдіреміз.

Ары қарай оқу >>

"Мейірімділіктің физиологиялық негіздері"

02.03.2020

20 ақпан 2020 жылы сағат 18:00 мен 20:00 аралығында № 7 студенттер үйінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі, биология ғылымдарының докторы, профессор Төлеуханов Сұлтан Төлеуханұлы "Қайырымды қоғам" жобасы аясында биология және биотехнология факультетінің студенттерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында профессор С.Т. Төлеуханов студенттерге "Мейірімділіктің физиологиялық негіздері" тақырыбында танымдық дәріс оқыды.

 

Төлеуханов С.Т.

биофизика және биомедицина кафедрасының меңгерушісі,

Қайрат Б.Қ.

биофизика және биомедицина кафедрасының оқытушыcы

 

Ары қарай оқу >>

«Әбу-Насыр әл-Фараби - Шығыстың ұстазы» атты тәрбие сағаты

28.02.2020

Тәрбие сағатының мақсаты:  Әлемнің Екінші ұстазы Әбу-Насыр әл-Фарабидің 1150 жыл толуына орай жүргізілген ашық тәрбие сағатының мақсаты студенттерге еңбегін ұлықтау, жастарға өнеге болатындай тәлім тәрбиелік насихаттау жүргізу.

 

Ұйымдастырушылар: Кафедра меңгерушісі: б.ғ.к.,­ доцент Кистаубаева А.С., б.ғ.к., доцент Уалиева П.С., б.ғ.к., доцент Абдиева Г.Ж., б.ғ.к., доцент Нармуратова М.Х., б.ғ.к., доцент Мухатаева К.А., аға оқытушы Бектилеуова Н.К., оқытушылар, PhD Мәлік А.М., Қанаят Ш.

Қатысқандар: Биотехнология кафедрасының 1,2,3 курс студенттері.

Ары қарай оқу >>

Құқықтық тәрбиелеуге және тәртіп бұзушылық пен қылмыстан сақтандыруға арналған1 курс студенттерімен профилактикалық кездесу

28.02.2020

Осы аптада әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің биология және биотехнология факультетінің №7 студенттер үйінде молекулалық биология және генетика кафедрасының куратор-эдвайзерлері 1 курс студенттерімен студент жастарды құқықтық тәрбиелеуге және тәртіп бұзушылық пен қылмыстан сақтандыруға арналған профилактикалық кездесу өткізді.

Кештің мақсаты - ҚазҰУ студентінің ар-намыс ережесі мен академиялық саясат шеңберінде студент жастардың рухани - адамгершілік қалыптасуына көңіл бөлу.

Қәзіргі кездегі қоғамдағы орын алып жүрген бірқатар құқық бұзушылықтың себеп-салдары, оның алдын-алу жөніндегі жүргізіліп жатқан шаралар жайында куратор- эдвайзерлер сөз қозғап, студенттермен ақпарат алмасты. Студенттердің себепсіз сабақты қалдырмауларын, оқу дисциплинасы мен студенттің ар-намыс кодексіне бағынуларын атап өтті.

Сонымен бірге, университет және факультет деңгейінде ұят тақтасына түсіп қалмаудың маңыздылығын түсіндірді. Кездесуге қатысқан студенттер мен оқытушылар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарына ауқымды жауап ала білді.

               Жунусбаева Ж.К., Байсеитова С.К., Сербаева А.Д., Шәлтенбай Г.Н.

Ары қарай оқу >>