ЭБЖМ түлегі, ҰКП «Атамекен» өкілі Ерниязов Қуанышбекпен кездесу

21.02.2020

Көрулер: 2046

 

2020 жылдың 21 ақпанында ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде Erasmus+ ENINEDU жобасы аясында Ерниязов Қуанышбекпен кездесу өтті. Ол «Жылдың үздік кәсіпкері» жастар сыйлығының иегері, Алматы қаласы бойынша «Бастау» және «Жас кәсіпкер» жобаларының жетекшісі, «Атамекен» ҚР ҰКП бизнес-тренері. Бизнес-секторда және мемлекеттік қызметте үлкен тәжірибесі бар.

 

Кездесу барысында ол кәсіпкерлік саласындағы өз тәжірибесімен бөлісіп, бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары туралы айтып, өз бизнесін ашуға үлкен серпін берді. Сонымен қатар Ерниязов Қуанышбек факультет басшылығымен кездесіп, Erasmus+ ENINEDU жобасы аясында одан әрі ынтымақтастық туралы келісімге келді.