Қазақстан-Катар үкіметаралық комиссиясы

18.02.2020

Көрулер: 1938

 

2020 жылдың 13-14 ақпанында Нұр-Сұлтан қаласында жоғары деңгейде Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясының бесінші отырысы өтті. ЭжБЖМ-нің ҒИЖ және ХБ бойынша деканның орынбасары, PhD Жидебекқызы Ақнұр үкіметаралық комиссияның сараптамалық тобының отырысына қатысты.

 

ҮАК қатысушы-тараптары ағымдағы жылдың наурыз айында Катар Әмірі шейх Тамим бен Хамад Әл-Танидің Қазақстанға сапары, сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және қаржы-банктік және білім беру салаларындағы өзара әріптестік перспективаларын талқылады.

 

Сарапшылар тобының отырысында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Хамад Бин Халифа университетімен (Qatar Foundation құрамында) одан әрі ынтымақтастық мәселелері, ЭжБЖМ базасында құрылған Ислам қаржылары орталығын дамыту, Ислам қаржылары бойынша екі дипломды бағдарламаны іске қосу мүмкіндігі және т.б. сұрақтар талқыланды. «Білім беру» бағыты бойынша сарапшылар тобында ҚР Білім және ғылым министрлігінің, ҚР Катар елшілігінің, Катар Білім Министрлігінің, Qatar Fund for Development, Назарбаев Университетінің және АХҚО өкілдері қатысты.

 

Комиссия жұмысының басты жетістігі ретінде Қазақстан азаматтарына Катар университеттерінде оқу үшін білім беру гранттарын беру туралы келісімге қол жеткізілгендігін есептеуге болады.

 

Қазақстан-Катар бірлескен комиссиясындағы Катар делегациясын осы елдің сауда және өнеркәсіп министрі Али бен Ахмед Әл-Кувари жоғары деңгейде басқарды. ҚР Үкіметі атынан келіссөздерді Ұлттық экономика министрі Р. Дәленов жүргізді.