Жаңалықтар

Қытай жаңа шындық және тұрақты экономикалық өсуді іздеу жағдайында

12.11.2019

   Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Экономика және Бизнес Жоғары мектебінде Қытай ғалымдарының ғылыми еңбектерінің қазақ тіліндегі жинағының тұсаукесері өтті. Кездесуге университет ректоры Ғ. М. Мұтанов, ҚР БҒМ Экономика институтының директоры А. Сатыбалдин, ЭжБЖМ деканы Р. К. Сағиева, кафедра меңгерушілері, оқытушылар қатысты. Профессор Лю Вэй мен Су Цзяньдің "Қытай экономикасының тығырықтан шығар жолы" атты ғылыми еңбектерінің жинағы қазақ тіліне аударылды, бұл еңбекте әлемдік жүйенің жаһандық сын-қатерлері мен дағдарыстық құбылыстармен күресу тәсілдері жағдайында Қытай экономикасын реформалаудың жаңа жолдары мен тетіктерін зерттеуге талпыныс жасалды.

Ары қарай оқу >>

Актриса Альмира Тұрсынмен кездесу

11.11.2019

“Рухани жаңғыру” жобасы шеңберінде және “Жастар жылы” аясында “Экономика” кафедрасы “Сұңқар” студенттер мен магистранттар кәсіподағымен бірлесе “Томирис” фильмінің бас рөлін сомдаушы актриса Альмира Тұрсынмен кездесу ұйымдастырды

Ары қарай оқу >>

«Жоғары білім беруді интернационализациялау» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел

08.11.2019

Экономика кафедрасы Экономика және бизнес жоғары мектебінің 70 жылдығына арналған «Жоғары білім беруді интернационализациялау» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел ұйымдастырды. 

Ары қарай оқу >>

Erasmus+ ENINEDU жобасының аясында бизнес-ортаның өкілдерімен кездесу

05.11.2019

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес Жоғары мектебінде Erasmus+ "ENINEDU–Жаңа әлеуметтік ортаға сәйкес жоғары білім мен корпоративтік секторлардың интеграциясын жақсарту" жобасы аясында бизнес – орта өкілдерімен кездесу өтті. Университет атынан кездесуге ЭжБЖМ басшылығы, кафедра меңгерушілері, білім беру бағдарламаларының үйлестірушілері, жұмыс берушілер Кеңесі мен түлектер Ассоциациясының жұмысына жауапты тұлғалар, Erasmus+ ENINEDU жобасының командасы қатысты. Бизнес-ортадан ВТБ, ID GROUP, АлматыСтройКонтракт, ZereLand, Қазақстан Жібек жолы және Walter Williams сияқты компаниялар қатысты.

Ары қарай оқу >>

Erasmus+ ENINEDU жобасының ішкі аудиті

02.11.2019

   Кот-д-Азур университеті (Франция) Технологиялар институтының директоры, Ректордың бизнес-ортамен байланыс жөніндегі кеңесшісі профессор Жан-Кристоф Буас (Jean-Christophe Boisse) Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға Erasmus+ «Жаңа әлеуметтік орта талаптарына сәйкес жоғары білім беру жүйесі мен корпоративтік сектордың интеграциясын күшейту – ENINEDU» жобасы бойынша ішкі аудит жүргізу мақсатында арнайы келді. Мониторинг барысында профессор Буас жобаның ҚазҰУ-да жүзеге асырылуы барысымен танысып, жұмыс тобының бірнеше жиналысына қатысты. Факультет және университет басшылығымен кездесті. Сондай-ақ, ЭжБЖМ Бизнес-құзыреттерді дамыту кластеріндегі жоба аясында ашылған Кәсіпкерлік және инновациялар орталығының жұмысымен танысты.

Ары қарай оқу >>

Жоғары білім миссиясындағы жаңа әлеуметтік өлшем

30.10.2019

   2019 жылдың 30 қазанында ЭжБЖМ-нің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық бойынша деканның орынбасары, Erasmus+ ENINEDU жобасының институционалдық үйлестірушісі Жидебекқызы Ақнұр ұйымдастырушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының ректорлар Кеңесі, Қазақстандағы Эразмус+ ұлттық кеңсесі және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті болып табылатын "Жоғары білім миссиясындағы жаңа әлеуметтік өлшем" атты жаһандық конференцияға қатысты.

 

Ары қарай оқу >>

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚазҰУ-ға келді

29.10.2019

   Мемлекет басшысы еліміздің жетекші жоғары оқу орнына сапары барысында сандық технологиялар енгізу, бизнес-құзыреттер дамыту кластері бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың жетістіктерімен, студенттерге қызмет көрсететін Керемет» орталығы мен жағдаяттық басқару орталығының жұмысымен танысты.

Ары қарай оқу >>

Стартап құру туралы ивент

25.10.2019

   23.10.19 ж. ислам қаржы орталығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Қаржы және есеп»  кафедрасының доценті Сапарова Г.Т.  журналистпен, «Үй жағдайындағы экскурсия» стартап жобасының бірлескен авторы Евгения Морозовамен ивент форматында кездесу ұйымдастырды.  

Ары қарай оқу >>

POSCO шәкіртақысы

25.10.2019

   POSCO TJ Park Foundation қорының бағдарламасы аясында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың он студенті «Азия елдеріндегі үздік студенттерге шәкіртақы» иегері атанды. Ол жыл сайын Азияның 10 еліндегі 12 университеттің үздік студенттеріне тағайындалады.

Ары қарай оқу >>

Студенттердің теолог-инспектормен кездесуі

25.10.2019

«Айналаңды нұрландыр» жобасы аясында Экономика кафедрасының аға эдвайзері Д.Р.Тураров Алматы облысы дін істер басқармасының маманы теолог-инспектор Бекетұлы Қуанышпен ЭжБЖМ студенттері арасында №16 студенттер үйінде кездесу өткізді.

Ары қарай оқу >>