Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған 50-ші Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияның нәтижелері: қатысушылардың марапатталуы

03.03.2020

Көрулер: 1785

 

2020 жылдың 3 наурызында әл-Фараби ат. ҚазҰУ-нің оқу ісі жөніндегі проректоры А.К. Хикметов атынан әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған «Білім беруді цифрландыру жағдайында әл-Фарабидің педагогикалық тұжырымдамасының заманауи интерпретациясы» атты 50-ші халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияға белсенді қатысқаны үшін «Менеджмент» кафедрасының келесідей оқытушылары сертификаттармен марапатталды:

 

1) Кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының докторы, профессор Тургинбаева А.Н.;

 

2) Кафедра меңгерушісінің оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Сокира Т.С.;

 

3) Экономика ғылымдарының докторы, профессордың міндетін атқарушы Құнанбаева Д.А.;

 

4) Экономика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Джулаева А.М.;

 

5) Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Смағұлов А.М.