Асылбек Қожахметовпен кездесу

11.03.2020

Көрулер: 1721

 

2020 жылдың 5 наурызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Экономика және бизнес жоғары мектебінде Almaty Management University (AlmaU) президенті, негізін қалаушысы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі және меценаты, іскерлік әкімшілік докторы, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті – Асылбек Қожахметов мырзамен кездесу өтті. Ол ЭжБЖМ-нің ПОҚ мен білім алушыларына арналған «Заманауи бизнес-білім: перспективалары, кедергілері, даму тенденциялары» тақырыбында мастер-класс өткізді.

 

Кездесу барысында бизнес-білім берудегі халықаралық аккредитациялар мен жаһандық рейтингтерге шолу жасалып, Қазақстан Республикасындағы бизнес-білім берудің қазіргі заманғы трендтері мен талаптары, кәсіпкерлік университеттің айрықша ерекшеліктері және университеттің ХХІ ғасырдағы үшінші миссиясының тұжырымдамасы талқыланды. Кездесуге қатысушылар «Өмір дизайны», «Service learning» және «Social coworking» секілді пәндерді енгізу тәжірибесіне ерекше қызығушылық танытты. Сонымен қатар, бизнес-мектеп оқытушыларына қойылатын талаптар туралы мәселе де қызу талқыланды.

 

Кездесуді қорытындылай келе, ЭжБЖМ деканы, э.ғ.д., профессор Сагиева Р.К. спикерге аса пайдалы, ақпаратқа толы кездесу үшін алғысын білдіріп, әрі қарай ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.