Жаңалықтар

Астаналық Жастар театры механика-математика факультетінің студенттерімен кездесті

14.04.2017

2017-жылдың 14 сәуір күні Ақпараттық жүйелер кафедрасы мен ҚазҰУ кітапханасының ұйымдастыруымен Астана қаласының "Жастар" театры Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге театрдың  көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай және оның шәкірттері келді.  

Ары қарай оқу >>

“Kaspersky day”

11.04.2017

2017 жылдың 11-сәуірінде Ақпараттық жүйелер кафедрасы ҚазҰУ және Касперский зертханасы арасындағы жасалғана келісімге сәйкес механика-математика факультеті базасы негізінде «Ақпараттық қауіпсіздік» Орталығы “Kaspersky day” атты семинар-тренинг жүргізді. Іс-шараға 80 ге жуық оқытушы мен студент қатысты. Тренинг кезінде бірнеше сайыстар өткізіліп, онда ақпараттық қауіпсіздік жүйелері магистранттары мүмкін 800 баллдан 765 балын жинап, 1-орынды алды.


Ары қарай оқу >>

Жақында ҚазҰУ-да қазіргі заманауи күрделі есептерін жоғары өнімді компьютерлік кластерлерде есептеуді дәріптеу мақсатында студенттер арасында Параллельді программалау бойынша IV жылдық олимпиада өтті.

24.03.2017

Осы жылы 24 және 25 наурызда өткен олимпиаданың бір ерекшелігі – студенттер есептерді жаңадан шыққан 64 ядролы Intel Knights Landing процессоры орнатылған компьютерде тексеріп орындады. Студенттер жоғары өнімді программаларды Fortran, C++ тілдерінде OpenMP және MPI модульдерін қолданып жазды. Олимпиадаға барлығы 24 студент, олардың ішінде ҚазҰУ студентерімен қатар Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Алматы технологиялық университеті, Сулейман Демирель атындағы университет студенттері қатысты. 

Ары қарай оқу >>

БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының VІІ Халықаралық конкурсын өткізу туралы

04.03.2017

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің  «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы 2017 жылдың  2-4 наурыз күндері әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті базасында Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының VІІ Халықаралық  конкурсын өткізді  (бұдан әрі - Конкурс).

Ары қарай оқу >>