Жақында ҚазҰУ-да қазіргі заманауи күрделі есептерін жоғары өнімді компьютерлік кластерлерде есептеуді дәріптеу мақсатында студенттер арасында Параллельді программалау бойынша IV жылдық олимпиада өтті.

24.03.2017

Көрулер: 4923

Олимпиаданың комиссия мүшелері студенттер орындаған есептерді тексеріп келесі студенттерге жүлделі орынды тағайындады: I орын – Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті студенттері Ким Андрей және Чесноков Роман, II орын – ҚазҰУ студенттері Алпар Султан және Қайполдаев Мирас, III орын – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттері Алыбеков Бахтияр, Тусупова Мадина, Жусупов Али, Турганбеков Ануар және Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің студенттері Мұхтарханұлы Данияр мен Абрашим Елдан.

Ең бастысы, осындай түрде өткен олимпиада студенттердің ғылымға деген қызығушылығын арттырып, жоғары өнімді суперкомпьютерлерді қолданып дүниедегі күрделі есептеу физикасының және қолданбалы математика есептерін шешуге талпындырады.

Өткен олимпиада туралы толығырақ ақпарат http://parallel.kz  сайтында жарияланған.

 

Математикалық және компьютерлік пішіндеу кафедрасы

Есептеу және ақпараттық технологиялар оқу әдістемелік зертхана жетекшісі

Қаржаубаев К.К.