Жаңалықтар

Мұқағали – ұмытылмас тұлға

13.02.2017

Аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Механика-математика факультеті

Информатика кафедрасы

 Иманкулов Т.С, Омарова П.Т., Калменова Г.Б.

 Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университеті механика-математика факультеті Информатика кафедрасының мұғалімдері мен 1 курс студенттерінің ат салысуымен факультетімізде Мұқағали Мақатаевтың туылған күніне байланысты кеш өтті. 

Ары қарай оқу >>

Қызыққа толы мех-мат

27.01.2017

Қызыққа толы мехмат

аль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Механика-математика факультеті

Информатика кафедрасы

Иманкулов Т.С., Омарова П.Т., Калменова Г.Б.

 

        Қаңтардың  27- ші жұлдызында механика-математика факультетінде студенттік кеңестің ұйымдастыруымен «Қызыққа толы мехмат» атты кеш болып өтті. 

Ары қарай оқу >>

"Денсаулық" спартакиадасы.

12.01.2017

Механика−математика факультетінің ұжымының атынан волейболдан әйелдер тобы арасында "Денсаулық" спартакиадасы бойынша 1-ші орынға ие болғаны үшін шын жүректен құттықтаймыз 



Ары қарай оқу >>

«Жас оқытушылар мектебі»

10.01.2017

2017 жылы қаңтардың 10-12 жұлдыздарында механика-математика факультетінің ұйымдастыруымен жыл сайын өткізілетін дәстүрлі «Жас оқытушылар мектебінің» семинары өткізілді. Семинарды факультет деканы, ф.-м.ғ.д., профессор М.А. Бектемесов салтанатты түрде ашты. 

Ары қарай оқу >>

Академик Шалтай Смагулов құмертіне 6-7 сыныптарға арналған математика олимпиадасы 2 тур.

04.12.2016

2016 жылдың 4-ші желтоқсанында академик Шалтай Смагулов құрметіне арналған математикалық олимпиаданың 2 туры өткізілді. Олимпиадаға 6 және 7 сыныптары бойынша бірінші іріктеу турнан өткен 155 оқушы қатысты. Мұнда Алматы және Астананың ең дарынды оқушылары жиналды, бірінші турға осы қалалардан 700-ге жуық оқушы қатысқан.

Ары қарай оқу >>

Механика-математика факультеті Информатика кафедрасының ұйымдастыруымен «Алау» тобымен кездесу

01.12.2016

«Алау» тобымен кездесу

1 желтоқсан күні сағат 18 : 00-де ҚазҰУ-дың Өмірбек Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында, жанды дауыс жобасының жеңімпаздары «Алау» тобы және механика-математика факультетінің талантты студенттерімен Информатика кафедрасының ұйымдастыруымен факультет деңгейінде кездесу-концерті өтті.

Ары қарай оқу >>

Академик Шалтай Смагулов құмертіне 6-7 сыныптарға арналған математика олимпиадасы 1 тур.

27.11.2016

Академик Шалтай Смагулов құрметіне арналған математикалық олимпиаданың 1 туры өткізілді. Математикалық олимпиада өткізу туралы жаңалықты 6-7 сынып оқушылары, ата-аналар және мұғалімдер аса құлшыныспен қарсы алды.  Алматы қаласынан 50-ден астам мектеп қатысуға өтініштер ұсынып, олар іріктеу турдан өткізілді, сонымен қоса 5 сынып  оқушылары да тіркелген. Бұл күні бесінші және алтыншы сыныптар алдында сағат 10:00 және де жетінші сыныптар үшін сағат 13:00 де академик У.А.Жолдасбеков атындағы үлкен залдың есігі айқара ашық болды.

Ары қарай оқу >>

«1-желтоқсан тұңғыш Президент күні» атты ашық кураторлық сабақ.

26.11.2016

«Айналаңды нұрландыр» жобасының негізінде  механика-математика факультетінің ақпараттық жүйелер  кафедрасының эдвайзері Кәрібаева А.С.  «1-желтоқсан тұңғыш Президент күні» атты ашық кураторлық сабақ өткізді.  

Ары қарай оқу >>