Жаңалықтар

С.Ә. Айсағалиевтің 75 жылдық мерейтойына арналған кеңейтілген кафедра мәжілісі өтті

17.11.2017

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті механика-математика факультеті дифференциалдық теңдеулер және басқару теориясы кафедрасының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 14 қараша күні сағат 1400 қызыл залда Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қайраткері С.Ә. Айсағалиевтің 75 жылдық мерейтойына арналған кеңейтілген кафедра мәжілісі өтті. 

Ары қарай оқу >>

CISCO КОМПАНИЯСЫ ҚАЗҰУ-ДА

28.10.2017

Құрметті студенттер!

 Cisco компаниясы және механика-математика, физика-техникалық факультеті сіздерді 06 желтоқтан, сағат 10:00, механика – математика факультетінің қызыл залында өтілетін  "Cisco Networking Academy" бағдарламасының презентациясына шақырады.

Ары қарай оқу >>

Ұлағатты ұстаздар ұлықталды

20.10.2017

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың саясатын қолдау етіп, институционалдық реформасын жүзеге асыру жолында өз ісінің нағыз маманы атанып, шәкірт тәрбиелеп жүрген, қоғамдық қызметтерге белсене араласып, ел мүддесі үшін республикамыздың әр өңірлерінде кіршіксіз қызмет етіп жүрген ұстаздарды насихаттау мақсатында ҚР «Қазақстан Ұстаздары» қоғамының бұйрығымен бекітілген Аккредитациялық кеңес шешімі негізінде бір топ қоғам қайраткерлері мен педагогтар ұлықталды. 

Ары қарай оқу >>

Студенттерге арналған Америкадағы тағлымдама

13.10.2017

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Мансап және кәсіби өсу орталығы студенттердің қызметке орналасуына көмектесу, олардың кәсіби біліктілігін шыңдау, кәсіби саладағы жұмыс атқару тиімділігін арттыру мақсатында Ш.Есенов атындағы Ғылым және білім беру қорымен бірігіп, ғалым қонақтар шақырып, дәріс оқыту циклін ұйымдастырып отыр.

Ары қарай оқу >>

Студенттер Асылы Османмен кездесті

26.09.2017

Механика-математика факультетінің Ө.А.Жолдасбеков атындағы Үлкен мәжіліс залында университеттің студент көшбасшыларының көрнекті қоғам қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты, тіл жанашыры Асылы Әлиқызы Османмен «Ұлттых рух – рухани жаңғырудың негізі» атты кездесуі болып өтті. 

Ары қарай оқу >>

Н.Т.Данаев атындағы шәкіртақылар лайықты иелерін тапты

11.09.2017

2017 жылғы 11 қыркүйек күні  әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректорат мәжілісінде механика және математика факультетінің ғылыммен үздік шұғылданып жүрген жоғары курс студенттері мен магистранттарына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі, Ұлттық және Халықаралық инженерлік академияларының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Н.Т.Данаев атындағы шәкіртақы берілді.

Ары қарай оқу >>

Ирандық IV геометрия олимпиадасы өтті

07.09.2017

Механика-математика факультетінде жаңа 2017/2018 оқу жылымен бірге кәсіби бағдарлау жұмыстары да басталып кетті. 7 қыркүйек күні Астана мен Алматы (біздің факультет негізінде, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) қалаларында Ирандық IV геометрия олимпиадасы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

Астаналық Жастар театры механика-математика факультетінің студенттерімен кездесті

14.04.2017

2017-жылдың 14 сәуір күні Ақпараттық жүйелер кафедрасы мен ҚазҰУ кітапханасының ұйымдастыруымен Астана қаласының "Жастар" театры Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттерімен кездесу өтті. Кездесуге театрдың  көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбай және оның шәкірттері келді.  

Ары қарай оқу >>