БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМА Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының VІІ Халықаралық конкурсын өткізу туралы

04.03.2017

Көрулер: 5207

Конкурстың негізгі мақсаты - оқушылардың  математика ғылымы саласына қызығушылық танытып, зерттеуге қабілетті  оқушыларды анықтау және қолдау.

Конкурсқа республикалық ғылыми жарыстарының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дипломдарымен марапатталған қазақстандық жеңімпаз-оқушылары мен шетел мектептерінің ұлттық ғылыми жарыстарының жеңімпаздары қатысты.

Халықаралық конкурсқа барлығы Қазақстаннан 161 оқушы, 121 жоба, Қырғыз Республикасынан 15 оқушы 8 жоба, Тәжікістан Республикасынан 14 оқушы 8 жоба қорғалды.   

Конкурстың өткізу Ережесіне сәйкес жеңімпаздар ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады.

Конкурстың қорытындысы бойынша алтын медальмен  14 оқушы, күміс медальмен  29 оқушы, қола медальмен 54 оқушы марапатталады.

Жабылу рәсімі – 4 наурыз күні сағат 10.00-де аталмыш университеттің механика-математика факультетінің мәжіліс-залында өткізіледі.

 

 

Қосымша ақпаратты төмендегі мекенжай бойынша алуға болады:

«Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы

Астана қ., Республика даңғылы, 34а, «Нұр тау» БО

Тел: 8 (7172) 29-52-32, 29-50-76