Жаңалықтар

Мех-мат түлектері өздерінің білім ошағын құттықтауда

12.04.2020

Өмірбеков Сағын Күмісханұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының түлегі, профессор А.Қалтаевтың шәкірті. 2013 жылы «Геоэнертика» бағдарламасы арқылы қос дипломдық магистратураға оқуға түсіп, білімін әрі қарай Француз Республикасында жетілдіруге мүмкіндік алды.Қазіргі таңдаБРГМ (BRGM-French Geological Survey) компаниясында яғни Француз Республикасының геология зерттеу орталығында және Arts et Metiers ParisTech университетінде докторантура бағдарламасын тәмәмдағалы жатыр.

Ары қарай оқу >>

Зарина Туртаева – Лотарингия университетінің докторанты!

17.03.2020

Қазіргі уақытта «Абай – Верн» стипендиясының 100 иегерлері Францияда тәлім алып жатыр, олардың 90-ы магистранттар мен 10 докторанттар Қазақстанның түрлі университеттерінің түлектері. Соның қатарында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының түлегі, Туртаева Зарина Нанси қаласында орналасқан Лотанрингия Университетінің LEMTA (LABORATOIRE D'ÉNERGÉTIQUE ET DE MÉCANIQUE THÉORIQUE ET APPLIQUÉE) лабораториясында өзінің докторлық диссертациясы бойынша жұмыс жасауда.

Ары қарай оқу >>

Практиканттардың қашықтықтан жүргізген бейне дәрістер

16.03.2020

Педагогикалық практика жоспарына сәйкес магистранттар - тыңдаушыларға тиісті мамандықтар пәндері бойынша студенттерге бірнеше дәрістер, семинарлар мен зертханалық сабақтар өткізу қарастырылған.

Ары қарай оқу >>

Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының Х Халықаралық конкурсы нәтижесі

05.03.2020

2020 жылдың 1-3 наурызы аралығында Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының Х Халықаралық конкурсы өткізілді.

Ары қарай оқу >>

ҚАЗҰУ QS-ТЕ АЛҒА ЖЫЛЖУДА

05.03.2020

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «QS World University Ranking by Subject 2020» пәндік рейтингісінің қорытындысы бойынша көрсеткіштерін жақсартып позицияларын күшейтті.  

Ары қарай оқу >>

«Mechanics and Energy» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби бағдар

28.02.2020

«Mechanics and Energy» білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби бағдар

Ақпан айының 28-де педагогикалық практика аясында Д.Е. Туралинаның жетекшілігімен 1 курс магистранттары Жұмабек Маржан, Жұманова Маржан, Қамбарбек Алишер және Аршабекова Әйгерім№6 жатақхана студенттеріне “Mechanics and Energy” қос дипломды білім беру бағдарламасы бойынша кәсіби бағыт-бағдар беру мақсатында ашық сабақ өткізді. 

Ары қарай оқу >>

Академик Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлын еске алу күні

25.02.2020

Ақпанның 27-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде механика кафедрасы академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековті еске алу күнін өткізеді.

Өтетін орны: механика-математика факультетінің қызыл залы

Уақыты: 27.02.2020, 14.00

Механика-математика факультетінің студенттері, профессорлары мен оқытушылары шақырылады

Ары қарай оқу >>