Мех-мат түлектері өздерінің білім ошағын құттықтауда

12.04.2020

Көрулер: 1929

 

 

Мех-мат түлектері өздерінің білім ошағын құттықтауда

 

Өмірбеков Сағын Күмісханұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының түлегі, профессор А.Қалтаевтың шәкірті. 2013 жылы «Геоэнертика» бағдарламасы арқылы қос дипломдық магистратураға оқуға түсіп, білімін әрі қарай Француз Республикасында жетілдіруге мүмкіндік алды.Қазіргі таңдаБРГМ (BRGM-French Geological Survey) компаниясында яғни Француз Республикасының геология зерттеу орталығында және Arts et Metiers ParisTech университетінде докторантура бағдарламасын тәмәмдағалы жатыр.

 

Бұл докторантураға Сағын 2017 жылы Болашақ бағдарламасыарқылы түскен болатын.

 

«Ғылым күні» мерекесі қарсаңында өзінің білм алған ордасы - әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультетінің ұжымына, оның ішінде механика кафедрасындағы білім берген ұстаздарына алғысын жеткізіп, механика кафедрасының 85 жылдық мерейтойы және «Геоэнергетика» білім беру бағдарламасының 10 жылдығымен видео құттықтау жолдады.  

 

Сағынның докторлық бағдарламасын ойдағыдай аяқтап, диссертациясын сәтті қорғауына тілектеспіз!

 

https://drive.google.com/file/d/1ydNyjwaGGy-gjom766i1elJqgVCMn-HH/view?usp=sharing

 

Механика кафедрасы, Туралина Динара Елеусизовна