Ұшқыш-космонавттармен болған кездесуден естелік

12.04.2020

Көрулер: 1782

   
     

Ұшқыш-космонавттармен болған кездесуден естелік


Жақында біздің кафедраның доценті Төлеген Оспанұлы Қонақбаев атақты ұшқыштардың фотоларымен байланысты бір оқиғамен бөліскен еді.

 

Қонақбаев Төлеген Оспанұлы 1950 жылы Новосибирск облысында, Кулынды даласында дүниеге келген. 1964 жылы оған үздік оқушы, мектептің пионер-комсомол жетекшісі және спортшы ретінде Кавказдың Қаратеңіз жағалауындағы, Туапсе теңіз портының жанындағы «Орленок» бүкіл ресейлік пионер лагеріне бүкіл аймаққа берілген жалғыз жолдама беріледі. Сол жерде лагердегі мектеп оқушыларының шақыртуымен Сочи қаласында демалып жатқан ғарышкерлер Юрий Гагарин, Андриян Николаев, Владимир Комаров және Константин Феоктистовтер мен кездесуі өтеді.

 

Осы кездесуде Төлеген Оспанұлы барлық ұшқыштарды қарапайым Smena-5 камерасымен суретке түсіріп, қолтаңбаларын да алған екен.

 

Ғарышкерлер күні қарсаңында бізбен осы қызықты тарихи оқиғамен, тарихи құнды фотосуреттермен және космонавттардың қолтаңбаларымен бөлісуді жөн көрген Төлеген Оспанұлына көп-көп рахмет.

 

ДинараТуралина 

Механика кафедрасы