Академик Ө.А.Жолдасбековты еске алу күні өтті

28.02.2020

Көрулер: 1638

Кеше, 27 ақпанда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетіндегі У.А. Жолдасбеков атындағы мәжіліс залында академик Жолдасбеков Өмірбек Арысланұлын еске алу күні өтті.

Шараны механика кафедрасы ұйымдастырды.

Бұл шара механика кафедрасының 85 жылдық мерейтойын мерекелеудің бастамасы болып табылады.

Академик У.А. Жолдасбековты еске алуға Механика және Ммшинатану институтынан шәкірттері, Сәтбаев университетінің профессорлары, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінен қонақтар, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқытушылары, механика кафедрасының профессорлары мен оқытушылары, сонымен қатар әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің студенттері қатысты.

Іс-шараның салтанатты бөлігі академик У.А. Жолдасбеков туралы деректі фильм көрсетуден басталды. Ғалымды еске алу үшін қонақтар бір минуттық үнсіздікпен құрмет көрсетті.

Еске алу күні т.ғ.д., профессор А.К.Тулешов, ф.-м.ғ.д, профессор Шерязданов Г.Б., ф.-м.ғ.д, Профессор А.Калтаев, т.ғ.д., профессор Е.С.Темірбеков; ф.-м.ғ.к, ., профессор З. Б. Ракишева Академиктің білімге, ғылымға сіңіргені еңбектерін жоғары бағалап, студенттердің алдында ғалым атаға алғыстарын білдірді.

Механика кафедрасының докторанттары студенттер арасында академик У.А. Жолдасбековтің өміріндегі негізгі күндер мен оқиғаларға қатысты викторина өткізді.