Жаңалықтар

Франциямен стратегиялық серіктестік

24.09.2020

2020 жылдың 24 қыркүйегінде механика-математика факультетінде Франция елшісінің мәдени байланыстар жөніндегі жаңа кеңесшісі Алекс Бортоланмен кездесу және танысу өтті. Кездесуге механика-математика факультетінің деканы Жакебаев Д.Б., декан орынбасары Бектемесов Ж.М., сонымен қатар кафедра меңгерушілері және «Гео-энергетика» орталығының директоры Кристина Бутейе қатысты. Кездесу барысында болашақ ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Ары қарай оқу >>

"Тұрақты даму мақсаттары аясындағы білім мен ғылым" атты ғылыми семинар өтті

25.04.2020

"Тұрақты даму мақсаттары аясындағы білім мен ғылым" атты ғылыми семинар өтті

17 сәуір күні ҚР БҰҰ Ақпарат Бюросының қолдауымен "Тұрақты даму мақсаттары аясындағы білім мен ғылым" атты 12 сәуір-Адам баласының ғарышқа ұшқан халықаралық күніне арналған онлайн режимде ІV ғылыми семинар өтті.

Семинарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика және Баспасөз және электронды БАҚ кафедралары ұйымдастырды.

Ары қарай оқу >>

Механика-математика факультетінің жас ғалымдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грантын жеңіп алды

25.04.2020

Механика-математика факультетінің жас ғалымдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің грантын жеңіп алды

 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жас ғалымдарының жобасы жас ғалымдарға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жариялаған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық жобалар бойынша гранттық қаржыландыру конкурсында жеңіске жетті.

Философия ғылымдарының докторы PhD, механика кафедрасының доценті Қарлығаш Алибаеваның жетекшілігімен ғылыми топ әзірлеген «Технологиялық ұңғымаларды ұтымды отырғызу және жер асты шаймалау әдісімен уранды өндіру кезіндеолардың жұмысын басқарудыңсандық технологиясы» жобасы «Цифрлық Қазақстан» атты маңызды мемлекеттік бағдарламаны қамтиды.

Ары қарай оқу >>

Үздіктердің қатарында «Нейронды протез» жобасы!

16.04.2020

ҚазҰУ студенттер мен жас ғалымдардың «Фараби әлемі» халықаралық ғылыми конференциясы аясында студенттік бизнес-инкубаторлардың инновациялық жобаларының жыл сайынғы байқауы өтті.

Бұл байқауға механика –математика факультетінің жас ғалымдары да белсене қатысып үш бірдей жоба ұсынды.

Ары қарай оқу >>

Мех-мат түлектері өздерінің білім ошағын құттықтауда

15.04.2020

Механика кафедрасының түлегі, PhD докторы Бекбауов Бақберген Ермекбайұлы «Ғылым күні» мерекесі қарсаңында өзінің білім алған ордасы механика кафедрасын 85 жылдық мерейтойымен және «Геоэнергетика» білім беру бағдарламасының 10 жылдығымен құттықтады. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің барлық ұжымына жаңа шығармашылық және ғылыми жетістіктер, әрі қарай үлкен және маңызды істе бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне тілек білдірді.

Ары қарай оқу >>

Мех-мат түлектері өздерінің білім ошағын құттықтауда

12.04.2020

Өмірбеков Сағын Күмісханұлы - Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының түлегі, профессор А.Қалтаевтың шәкірті. 2013 жылы «Геоэнертика» бағдарламасы арқылы қос дипломдық магистратураға оқуға түсіп, білімін әрі қарай Француз Республикасында жетілдіруге мүмкіндік алды.Қазіргі таңдаБРГМ (BRGM-French Geological Survey) компаниясында яғни Француз Республикасының геология зерттеу орталығында және Arts et Metiers ParisTech университетінде докторантура бағдарламасын тәмәмдағалы жатыр.

Ары қарай оқу >>

Зарина Туртаева – Лотарингия университетінің докторанты!

17.03.2020

Қазіргі уақытта «Абай – Верн» стипендиясының 100 иегерлері Францияда тәлім алып жатыр, олардың 90-ы магистранттар мен 10 докторанттар Қазақстанның түрлі университеттерінің түлектері. Соның қатарында, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті механика-математика факультеті механика кафедрасының түлегі, Туртаева Зарина Нанси қаласында орналасқан Лотанрингия Университетінің LEMTA (LABORATOIRE D'ÉNERGÉTIQUE ET DE MÉCANIQUE THÉORIQUE ET APPLIQUÉE) лабораториясында өзінің докторлық диссертациясы бойынша жұмыс жасауда.

Ары қарай оқу >>