Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының Х Халықаралық конкурсы нәтижесі

05.03.2020

Көрулер: 1970

    2020 жылдың 1-3 наурызы аралығында Алматы қаласы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің механика-математика факультеті базасында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастырумен Ө.Жолдасбеков атындағы математика және механикадан зерттеу жұмыстарының Х Халықаралық конкурсы өткізілді.

    Конкурс математикалық білім саласы бойынша ғылыммен айналысатын, талантты, дарынды оқушыларды анықтау мен қолдаудың формасы болып табылады.

    Конкурсқа 176 оқушы - Тәжікістан, Қырғызстан және Қазақстанның барлық өңірлерінен, республикалық ғылыми жобалар конкурсының облыстық кезеңінде І, ІІ және ІІІ дипломдарымен марапатталған қазақстандық жеңімпаз-оқушылары мен шетел мектептерінің ұлттық ғылыми конкурстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері математика, қолданбалы математика, механика және экономикадағы математикалық әдістер секциялары бойынша жобаларын қорғады.

    Қазылар алқасы құрамында Механика-математика факультетінің оқытушылары – Шакенов К., Хомпыш Х., Тунгатарова М., Макашев Е. болды. Қазылар алқасының шешімі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Білім және ғылым министрлігінің I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды, І дәрежелі дипломмен – 13 қатысушы, ІІ дәрежелі дипломмен – 20 қатысушы, ІІІ дәрежелі дипломмен – 36 қатысушы.

    І дәрежелі дипломмен – 8, ІІ дәрежелі дипломмен – 7, ІІІ дәрежелі дипломмен – 10 Қырғызстан мен Тәжікістаннан келген қатысушылар марапатталды.

 

 

Барлық марапат иелерін құттықтаймыз!