Мех-мат түлектері өздерінің білім ошағын құттықтауда

15.04.2020

Көрулер: 1840

 

Мех-мат түлектері өздерінің білім ошағын құттықтауда

 

Механика кафедрасының түлегі, PhD докторы Бекбауов Бақберген Ермекбайұлы «Ғылым күні» мерекесі қарсаңында өзінің білім алған ордасы механика кафедрасын 85 жылдық мерейтойымен және «Геоэнергетика» білім беру бағдарламасының 10 жылдығымен құттықтады. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультетінің барлық ұжымына жаңа шығармашылық және ғылыми жетістіктер, әрі қарай үлкен және маңызды істе бұдан да үлкен жетістіктерге жетуіне тілек білдірді.

 

Қазіргі таңда Бекбауов Бақберген Ермекбайұлы «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы Акционерлік Қоғамының еншілес ұйымы «КМГ Инжиниринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Жаңа технологиялар және кеніш қабаттарының мұнай беруін арттыру департаментінің директоры.

https://cloud.mail.ru/stock/nyPQRFAUFh5o6ae2R3um345q