"Тұрақты даму мақсаттары аясындағы білім мен ғылым" атты ғылыми семинар өтті

25.04.2020

Көрулер: 1955

   
     
     

 

17 сәуір күні ҚР БҰҰ Ақпарат Бюросының қолдауымен "Тұрақты даму мақсаттары аясындағы білім мен ғылым" атты 12 сәуір-Адам баласының ғарышқа ұшқан халықаралық күніне арналған онлайн режимде ІV ғылыми семинар өтті.

 

Семинарды әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Механика және Баспасөз және электронды БАҚ кафедралары ұйымдастырды.

 

Ғылыми семинар жұмысына ҚР БҰҰ Жаһандық коммуникация департаментінің өкілі Властимил Самек, ҚР Сыртқы істер министрлігі Өкілдігінің Саяси топ жетекшісі А.А.Аренова, саяси талдаушы Рафис Абазов, Орбиталық және жердегі ғарыш жүйелерінің сенімділігі мен қауіпсіздігі зертханасының жетекшісі- Грищенко В.Ф., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ механика-математика факультеті механика кафедрасының меңгерушісі физика - математика ғылымдарының кандидаты З.Б.Ракишева, Ғылыми-инновациялық қызмет және халықаралық байланыстар жөніндегі механика кафедрасының меңгершісінің орынбасары, PhD доктор Калиева Назгуль Болатовна, журналистика факультетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі саясаттану ғылыдарының докторы Гүлмира Сұлтанбаева және аталған кафедралардың докторанттары, магистрантары және студентері қатысты.

 

Ғылыми семинарда келесі тақырыптары талқыланды:

  • «Ғарыштық технологиялар саласында мамандарды даярлау мәселелері»,
  • «Авиация мен космонавтиканы дамытудағы жастардың рөлі»,
  • «Журналистика және ғарыш: таспалардағы жаңалықтар мен оқиғалар»

 

Семинарда баяндама жасап белсенділік танытқан қатысушылар арнайы Дипломдармен мараптталды. Солардың ішінде механика кафедрасы «Ғарыштық техника және технологиялар» мамандығы студенттері А.Байгарина, А.Абдысалыкова , А.Тургумбаева, Ә.Султангалиевтар да бар

 

Құттықтаймыз!

 

Туралина Динара

Механика кафедрасы