Франциямен стратегиялық серіктестік

24.09.2020

Көрулер: 1578

 

Франциямен стратегиялық серіктестік


2020 жылдың 24 қыркүйегінде механика-математика факультетінде Франция елшісінің мәдени байланыстар жөніндегі жаңа кеңесшісі Алекс Бортоланмен кездесу және танысу өтті. Кездесуге механика-математика факультетінің деканы Жакебаев Д.Б., декан орынбасары Бектемесов Ж.М., сонымен қатар кафедра меңгерушілері және «Гео-энергетика» орталығының директоры Кристина Бутейе қатысты. Кездесу барысында болашақ ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

 

Содан кейін бірінші проректор М.М. Бүркітбаевпен кездесу өтті. Кездесуге биология және биотехнология факультеті мен физика-техникалық факультетінің декандары да қатысты, әрі қарай Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ ректорымен Мутанова Г.М. және Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартинет мырзамен кездесу өтті. Ректор Филипп Мартинет мырзаға екі елдің университеттері арасындағы стратегиялық серіктестік пен достық қатынастарды дамытуға қосқан зор үлесі және бірлескен жобаларды жүзеге асыруға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты. Соның бірі - ҚазҰУ базасындағы «Гео-энергетика» француз-қазақ оқу-зерттеу орталығы. Осы жобаның арқасында қос магистратура мен МВА-ның жаңа білім беру бағдарламалары енгізілді.

 

Кездесу соңында ерекше ризашылық белгісі ретінде және университет алдындағы ерекше қызметі үшін Франция Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Филипп Мартин мырза ҚазҰУ-дың алтын медалімен марапатталды.