Оқу бағдарламаларын талдау

 

Оқу бағдарламаларын талдау 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-і оқытылатын мамандықтар бойынша жұмыс берушілермен тығыз қарым-қатынас орнату мақсатында өндірістік ұйымдар мен ғылыми зерттеу институттары жанында кафедра филиалдарын ашу жұмыстарына баса назар аударуда. Филиал жұмысының басты мақсаты нарықта сұранысқа ие мамандарды дайындауда жұмыс беруші ұйымдармен етене қарым-қатынас орнату арқылы тәжірибелі мамандарды дәріс оқуға тарту, өндірістік және ғылыми тәжірибеден өтуде ортақ бағдарламалар жасай отырып, білім алушылардың құзіреттіліктерін арттыру болып табылады. 2019-2020 оқу жылында А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институты жанынан «Түркітану» мамандығын жетілдіру бағытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының филиалы ашылды. Елдегі төтенше жағдайға байланысты филиалдың ресми ашылу салтанаты алдағы уақыт еншісінде.

2020 жылдың 11-сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (www.kaznu.kz ), Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасының «Түркітану» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының координаторы М.Эгамбердиев және үйлестірушілері Е.Қуанышбаев, Ұ.Алжанбаева, Г.Қортабаева А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының (www.tbi.kz) директоры Е.Қажыбек, директордың орынбасары С.Қ. Құлманов бастаған институт мамандары және М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және Өнер институтының (www.auezovinstitute.kz ) жетекші ғылыми маманы Т.Қыдырдың қатысуымен 2020-2021 оқу жылына арналған «Түркітану» мамандығының магистратура және докторантура деңгейлері бойынша оқу бағдарламаларын ортаға салып, өзара пікір алмасты. Мамандар болашақ түркітанушы ғалымдарды дайындауда магистрант, докторанттардан күтілетін білім нәтижесіне назар аудара отырып, олардың құзіреттіліктерін арттыру мақсатында пәндерге жеке-жеке тоқталып, пәннің ішкі мазмұны мен оқу нәтижесінің бағыттары бойынша талдау жасады. Онлайн түрінде өтілген дөңгелек үстел соңында бірқатар пәндердің атаулары мен мазмұндарына өзгерістер енгізілді. Сонымен қатар, А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Е.Қажыбек, алдағы уақытта филиал жұмыстарын жандандыру мақсатында ортақ іс-шаралар өткізу, көне және орта түркі жазба ескерткіштерін оқитын білікті мамандарды дайындауда шетелдік ғалымдарды ұзақ мерзімдік дәріс оқуға тарту жұмыстарын жүзеге асыру қажеттілігін алдыға тартты.     

 

Түрксой кафедрасының меңгерушісі

Қыдырбаева Ү.Т. 

Басылым күні :  17.04.2020