Жылдың үздік түлегі - 2021

2021 жылдың 19 маусымында, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Рухани жаңғыру жобалық кеңсесінің қолдауымен, ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай “Bilim-orkenieti” ұлттық инновациялық ғылыми зерттеу орталығының ұйымдастыруымен “Тәуелсіздік – алтын тұғырымыз” атты республикалық конференциясы өтті. Конференцияда ТМД елдерінен біршама студенттер қатысты.

Конференция барысында “Жылдың үздік түлегі - 2021” және “Қазақстанның 100 үздік студенті” атты республикалық байқауларының жеңімпаздары марапатталды.

Аталған іс-шарада ҚазҰУ Шығыстану факультеті Тюрксой кафедрасының 2-курс магистранты Андирова Алина Ережепбайқызы студенттік өмірде қоғамдық іс-шараларға белсене қатысқаны үшін “Қоғам белсендісі” дәрежесі беріліп, “Жылдың үздік түлегі - 2021” дипломы мен төбелгісімен марапатталды. Марапаттауларды Гумилев атындағы ЕҰУ-нің тарих ғылымдарының докторы, профессор Мақсат Алпысбес пен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілі Бекзат Смағұл табыстады.