Магистратура

Түрксой кафедрасы келесі мамандықтар бойынша 2 жылдық оқу мерзімімен магистранттар мен 3 жылдық оқу мерзімімен PHD докторанттарды дайындайды:

   Магистратура (оқу мерзімі 1, 2 жыл):

6М020900 – Шығыстану

6М020700 - Аударма ісі

6М021000 - Шетел филологиясы

 

PhD –докторантура(оқу мерзімі 3 жыл )

6D020900 – Шығыстану

6D020700 – Аударма ісі

6D021000 – Шетел филологиясы

 

Қазіргі кезде кафедраның оқытушы-профессорлық құрамында 5- доцент, 3- филология ғылымдарының кандидаты, 1-тарих ғылымдарының кандидаты, 7-PhD, 5-аға оқытушы, 2-шетелдік оқытушы қызмет атқарады.

Түрксой кафедрасының Қазақстандағы Түркия елшілігімен, Сүлеймен Демирел атындағы университетпен, Халықаралық қазақ-түрік білім қорымен (КАТЕV), Түрік халықтарының ынтымақтастық және даму агенттігімен (ТІКА) тығыз байланысы бар. Арнайы келісім-шарт негізінде бөлім студенттері Түркияның Анкара университетіне және т.б. жоғарғы оқу орындарына тілдік стажировкаға жіберіледі.

Университетті бітіргеннен кейін студент өз қалауы бойынша Түркияның кез-келген жоғарғы оқу орнының магистратурасы мен докторантурасына оқуға түсе алады. Бұл туысқан екі елдің білім саласындағы тығыз қарым-қатынасының арқасында жүзеге асып жатқан игі істердің көрсеткіші.

Біздің бөлімді бітіруші маман бүгінгі қоғамымыз мұқтаж болып отырған аудармашыдан бастап дипломатқа дейінгі алуан қилы қызмет түрлерін атқара алады.