Жалпы мәліметтер

ТҮРКСОЙ кафедрасының халықаралық байланысы

Университетіміз базасында құрылып қазіргі кезге дейін жұмысын жалғастырып келе жатқан ТҮРКСОЙ кафедрасы, өзінің құрылған кезінен бастап университетімізде халықаралық байланыстарды жолға қойған және осы салада дамудың үлкен көрсеткіштеріне жеткен кафедралардың бірі саналады. Кафедра құрылған уақыттан бастау алған халықаралық байланыстар негізінен бөлімнің атқаратын ғылыми-педагогикалық қызметіне орай Түркия Республикасының ЖОО мен және ғылыми орталықтарымен орнатылып, ол қазіргі кезге дейін жалғасын табуда. Түркия университтерімен жасалған сыртқы өзара байланыстар уақыт санап артып, ол негізінен академиялық байланыстар мен ғылыми-шығармашылық бағыттарға негізделген. Қазіргі кезде, кафедра Түркияның 30-дан астам университетімен арнайы университетаралық келісімшарт негізінде жұмыс істеп келеді.

Кафедраның ғылыми-әдістемелік жұмыстары Түркиямен тікелей байланысты болғандықтан, Түркия Республикасының Нұрсұлтан қаласындағы елшілігімен және Алматы қаласындағы консулдығымен тығыз, бірлескен жұмыстар жүргізеді. Түрік елшілігімен жүргізілген қарым-қатынастар халықаралық қызметтің басты көрсеткіштерінің бірі саналады. Кафедра Қазақстан мен Түркия республикаларының арасында құрылған халықаралық ұйымдармен, бірлестіктермен жұмыс жүргізуде. Оның ішінде, атап айтқанда Түркия Елшілігі жанындағы ТОМЕР тіл үйрету орталығы, Халықаралық Қазақ-түрік білім қоры (КАТЕВ), Түркі, халықтары ынтымақтастығы және даму агентті (ТИКА), ТҮРКСОЙ сынды ірі халықаралық ұйымдармен бірлескен жұмыстар атқарады.

Кафедраның бірден-бір ғылыми-педагогикалық бағыты Түркология болғандықтан түркі республикаларымен де осы салада тығыз байланыстар орнатылған. Атап айтқанда, Өзбекстан, Әзірбайжан, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы құрамындағы автономды түркі республикаларының ЖОО-мен өзара тығыз қарым-қатынаста жұміс жүргізіледі. Онда негізінен түркі халықтарының тілі мен әдебиетін, мәдениеті мен тарихын зерттеуше бағытталған шаралар жүзеге асырылады. Сонымен қатар, кафедра оқытушылары РФ, АҚШ, Германия, Иран сынды т.б. алыс-жақын шетелдердің ЖОО-мен тығыз байланыста жұмыс істейді. Мұндай байланыстар бірлескен ғылыми конференциялар, дөңгелек үстелдер мен семинарлар, мастер кластар негізінде жүргізіледі.