Халықаралық қызмет

Білім атташемен кездесу

2021 жылыдың 2 ақпанында Түркия Республикасының Алматы қаласындағы Бас консулдығы жанындағы Білім атташесі Махмут Ағырман мырза әл-Фараби ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Түрксой бөлімінің кітапханасына Түрік тілі мен әдебиеті, Түрік тарихы мен мәдениетіне қатысты ғылыми еңбектер мен көркем әдеби шығармаларды сыйға тартты.

 

 

 ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының тартуы

3 ақпан 2021 жылы ТҮРКСОЙ халықаралық ұйымының студенттерді ынталандыру шәкіртақысын табыстау рәсімі Шығыстану факультетінде жалғасты. Сонымен қатар, ТҮРКСОЙ ұйымының Әкімшілік, қаржылық және құқықтық істер бөлімінің бастығы Санжар Мулазымоглы мен ТҮРКСОЙ ұйымның Қазақстандағы өкілі

Асқар Тұрғанбаев кафедраның кітапхана қорына халықаралық ұйымның баспасынан жарық көрген түркі халықтарының әдеби көркем шығармаларын сыйға тартты.  

 

 

Ахмет Ясауи халықаралық қазақ-түрік университеті  Шығыстану факультетінде қонақта

4  ақпан 2021 жылы Шығыстану факультетінде Ахмет Ясауи халықаралық қазақ-түрік университетінің ректор өкілі Женгиз Томар мырза қонақ болды. Құрметті қонақты коммерциализациялау проректоры Мехмет Арслан мен факультет деканы Ықтияр Палтөре мырзалар қарсы алды. Екі университет арасындағы ынтмақтастық тағы да бір пысықталды.

 

Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университетімен кездесу

04.12.2020 жылы әл-Фараби ҚазҰУ, Шығыстану факультеті, Түрксой кафедрасы мен Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті, Қырғыз филологиясы факультеті, Түркітану және аударматану кафедрасы арасында алдағы уақытта білім беру саласында ортақ жұмыстарды жүзеге асыру бағыты бойынша алғашқы онлайн кездесу жүзеге асты. Кездесу барысында екі университеттің аталған факультеттері арасындағы болашақта атқарылатын ортақ білім беру бағдарламалары мен ғылыми жұмыстарды жүзеге асыруға байланысты жоспарлар талқыға салынды. Кездесуге Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз Ұлттық университеті, Қырғыз филологиясы факультетінің деканы Б.А. Жайлообаев, Қырғыз филологиясы факультеті Түркітану және аударматану кафедрасының меңгерушісі Б. Элебесова, Шығыстану факультеті деканы Ы.М.Палтөре, Шығыстану факультеті деканының ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөнінен орынбасары К.Т.Габдуллин және Түрксой кафедрасының меңгерушісі У.Т. Кыдырбаева қатысты. Сонымен қатар, қатысушылар унивеситеттердің қазіргі кездегі жетістіктері мен алдағы уақытта бағындыратын белестері турасында сөз қозғап, туыстас түркі елдерінің бірлігі мен ынтымақтастығының дамуына үлес қосатындығын білдірді.

(Қосымша ақпарат үшін қараңыз www.knu.kg)