ШАҒАТАЙ ТІЛІНДЕГІ КЕЙБІР СИРЕК КІТАПТАР ЖӘНЕ ҚОЛЖАЗБАЛАРДЫҢ ТІЗІМІ

Құрметті оқырман!

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кітапханасының Сирек және бағалы басылымдар қорында шығыс тілдерінде: араб, парсы және түркі(шағатай) тілінде жазылған литография және қолжазба кітаптар бар. Бұл кітаптардың ішінде 100-і парсы, 179-і араб, 82-і түркі(шағатай) тілінде жазылған.

Шығыстану факультетіндегі «Жазба жәдігер және Рухани Мұра» ғылыми-зерттеу орталығы осы кітаптарды Қазақ жұртшылығына танытып ғылыми айналымға түсіру мақсатында еңбек етуде. Шағатай тілінде жазылған кітаптардің басым бөлігі қолмен көшіріліп жазылған. Кітаптардың авторлары, көшірген кісілер және жазылған жері мен жылы туралы мәліметтер көп емес. Қолымыздағы брошюра шағатай тілінде жазылған кітаптарға арналған.

Кітаптардың алғашғы және сонғы беттерінің суреттері мен бірінші және сонғы сөздерін көрсеттік. Кітаптардың тіркелген номерімен брошюрада көрсетілген номердер бір-бірімен сәйкес. Кітаптар әр түрлі шарттарда сақталғандықтан көрінісі және жағдайлары нашар. Бірақ оқылуына, зерттелуіне кедергі келтірмейді. 

«Жазба жәдігер және Рухани Мұра» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, ф.ғ.к., доцент З. Шадкам